Бүгін белгілі кинорежиссер, оператор, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Игорь Вовнянконың туғанына 80 жыл.
Бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев киностудия жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құру мәселесі бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ басшылығымен кездесті. Жиынға «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев, киностудияның әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша вице-президенті Ғалымжан Ералиев, экономика және жоспарлау бөлімінің маманы Айдар Омаров және тағы басқалары қатысты.
ҚР Таиландтағы Елшілігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Қазақстан киносының кезекті онлайн-фестивалін үйымдастырып отыр.
Белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген «Мұқағали» фильмі 2022 жылы қыркүйектің 7-і мен 11-і аралығында Қазан қаласында өтетін XVIII Халықаралық мұсылман киносы кинофестивалінің негізгі байқауына қатысады.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев Мәскеу облысы Домодедово қаласы Белые Столбы ықшамауданында орналасқан Ресейдің Мемлекеттік фильмдер қорына барып, оның Бас директоры Роман Чистяковпен кездесті.
«Қазақфильм» киностудиясында Ресейдегі Мемлекеттік кино қорында сақталған фильмдерді сандық нұсқаға көшіру және қайта өңдеу бойынша эксперттік комиссияның отырысы өтті. Аталған жоба «Отандық алтын мұрағат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Алматыда көптеген халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, 50-ге жуық жүлдемен марапатталған «Күнбағыс» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картинаның режиссері - Эля Гильман.
2022 жылы маусымның 24-26 аралығында Пусан қаласында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай Кино сарайында Қазақ киносының фестивалі өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен бірлесіп ұйымдастырылды.
2022 жылы 15 маусым күні Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Құқық иеленушілердің республикалық конференциясы өтті. Шара барысында креативті индустрия, репрографикалық шығармалар бойынша және оларды музыкалық шығармаларды пайдаланған жағдайда туындайтын авторлық құқықтардың проблемалары, сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтары бойынша басқа да өзекті мәселелер қаралды.
2022 жылы 14 маусым күні «Қазақфильмнің» ұйымдастырушылық құрылымының жобасы мен еңбекақы механизмін талқылау мақсатында киностудияның қызметкерлері мен жұмыс берушілері өкілдерінен құралған комиссияның бірінші отырысы өтті.
Назар аударыңыз! Сайтта уақытша техникалық пысықтаулар бар. Егер сұрақтар туындаса: фильмдерді тарату бойынша- +7 702 000 1610 түсірілім техникасын жалға алу бойынша - +7 777 224 2432 павильондарды жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 костюмдер мен реквизиттерді жалға алу бойынша- +7 705 490 4757 кинотүсірілім автокөлігін жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315 "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі бойынша-+7 (727) 3021437 киностудия бойынша экскурсиялар өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315