Аталған спорттық драма Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды.
Бұл ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады...
Фильм соғыстан оралған сарбаздың тарихын баяндайды. Оның қолында ескіфильмдері бар кинопроектор бар, құтқарылған қарт неміс сыйға тартқан. Өмірінің соңына дейін сарбаз кинопроекторы мен айырылмайды...
Көркем лента қытайлық композитор Си Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.
Аталған спорттық драма Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды.
Фильмде Павлодар облысы чуваш халқының қоғамдық-мәдени орталығының өкілі Мария Симулинаның өмірі баяндалады. Жолдасымен бірге Қазақстанға кездейсоқ келген ол, осы жерде қалып, өсіп-өнеді.
«Уақыт жолдары» фильмі Тянь-Шань тауының бөктеріндегі кішкентай ауылда тұратын тату отбасы туралы баяндайды. Олар шулы қаладан және тұрақсыздықтан алыста, жылқы бағумен айналысады. Бір күні жылқы ұрлайтын топ алысқа отағасын алдап апарып, аяусыз өлтіреді де табын жылқыны айдап әкетеді. 12 жасар Олжас, топтың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасыларына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге кешеді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қол ұшын созады.
Бұл ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.
Фильм – Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде неміс қариядан киноаппарат сыйға алған солдат туралы. Соғыстан соң елге оралған ол қартайған шағына дейін ел аралап, киноаппаратпен ескі фильмдерді көрсетумен айналысады. Ол киноның көмегімен әлемді жақсартуға болады деп сенеді.
Көркем лента қытайлық композитор Сянь Синхайдың Совет одағында, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен қазақтың композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды.
Қазақ сал-серілерінің соңғы тұяғы, тарихта «Балуан Шолақ» деген атпен белгілі өзі балуан, әрі ақын әрі сері Нұрмағанбет Баймырзаұлы жайындағы бұл фильмде ақынның ел басына қиын-қыстау күн туған шақта жасаған ерлігі баян етіледі.