История AO «Казахфильм» им. Шакена Айманова
1925 жылы :

Қазақстан туралы түсірілген «Қазақ АКСР-нің бесжылдығы» атты тұңғыш деректі фильм жарыққа шықты;

1928 жылы :

Мәскеуде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы Халық комиссарлары кеңесінің жанында Бүкілресейлік трест- «Шығыс» акционерлік қоғамы құрылды, оның қызметі Шығыс елдерінің киножылнамасын жүргізуге бағытталды;

1929 жылы :

Қазақстанда «Шығыскино» трестінің базасында режиссер В.Турин «Түрксіб» фильмін түсірді. Бұл картина әлемдік кинематографияның одан арғы дамуына үлкен әсер етіп, ең үздік фильмдердің тізіміне енді.;

1930 жылы :

«Шығыскино» трестінде басты рөлді Серке Қожамқұлов сомдаған «Дала әуендері» және Хәкім Дәулетбеков ойнаған «Жұт» көркем фильмдері түсірілді. Серке Қожамқұлов пен Хәкім Дәулетбеков қазақ кинематографисының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың тұңғыш актерлары

1934 жылы :

Алматы кинохроника студиясы құрылды;

1936 жылы :

Алматы кинохроникасы студиясында деректі фильмдер шығарыла бастады;

1938 жылы :

«Ленфильм» киностудиясында «Амангелді» атты алғашқы қазақ көркем фильмі түсірілді;

1941 жылы :

Қазақ КСР-нің Халық комиссарлары кеңесінің 1941 жылы 12 қыркүйектегі №762 қаулысына сәйкес Алматы (көркем фильмдер) киностудиясы құрылды;

1941 жылы (15 қарашада) :

Алматы хроника және көркем фильмдер киностудиясының ішінен Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм" және "Ленфильм" киностудиялары бірлесіп Орталық Біріккен киностудиясын (ЦОКС) құрды. Алматыда 1944 жылға дейін жұмыс істеген аталмыш киностудия соғыс жылдарында жарық көрген отандық көркем фильмдердің 80 % шығарды;

1944 жылы (25 қаңтарда) :

Алматы киностудиясы Алматы көркем және хроникалы фильмдер киностудиясы болып өзгертілді;

1946 жылы :

«Абай әндері» фильмі шықты (режиссерлары - Г.Л. Рошаль, Е.Е. Арон; басты рөлдерде - Қ. Қуанышбаев, Ш. Айманов);

1952 жылы :

«Жамбыл» фильмі жарық көрді (режиссері - Е.Л. Дзиган; басты рөлде - Ш. Айманов);

 
1954 жылы :

«Махаббат дастаны» фильмі жарыққа шықты (режиссерлары - Ш. Айманов, К. Гаккель; басты рөлдерде - Т. Арғымбеков, Ш. Жандарбекова, С. Қожамқұлов);

1960 жылы (9 қаңтарда) :

Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалы фильмдер киностудиясы "Қазақфильм" киностудиясы болып өзгертілді;

1963 жылы (8-9 қаңтар) :

Қазақстан кинематографистер одағының бірінші құрылтай съезі өтті. Одақтың бірінші хатшысы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды;

1963 жылы (28 мамырда) :

Кинематография жөніндегі Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесі Мемлекеттік Комитеті құрылды (1963–1988);

1967 жылы :

Қазақстанда мультипликациялық фильмдер шыға бастады. Қазақтың тұңғыш мультфильмі - Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмі;

1984 жылы :

«Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілген(Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы).

1985 жылы :

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігі болып қайта өзгертілді;

1996 жылы (20 тамызда) :

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестігі Ш. Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы (материалдық-техникалық база) және ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы (шығармашылық жұмыстар, тәуелсіз продюсерлік студиялармен жұмыс жасау) болып бөлініп, қайта ұйымдастырылды;

2000 жылы (28 наурызда) :

Ш. Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы және Мемлекеттік фильмдер қорын біріктіріп Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып қайта өзгертілді;

2005 жылы :

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 563 Қаулысымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ болып өзгертілді.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2015