Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі Ресейдің «Дебоширфильм-Чистые грезы-XIV» фестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Фестивальдің президенті ресейдің танымал актеры және режиссері Александр Баширов («Игла», «Асса», «Чужая Белая и Рябой», «Железная Пята Олигархии»). 1997 жылдан бері өткізіліп жатқан бұл шараны «ДебоширфильмСтудия» кинокомпаниясы ұйымдастыруда.
28 қазанда «Менің атым Қожа» фильмінде басты рөлді сомдаған Нұрлан Санжар 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Нұрлан Санжар кино әлеміне 1963 жылы не бары 12 жасында келді. Оның өмірін күрт өзгертіп, актерлік шеберлікпен таныстырған қазақтың танымал режиссері Абдолла Қарсақбаев еді.
22 қазанда «Cinema towers» кинотеатрында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Жаңа ғасыр» студиясы бірлесіп шығарған режиссері Жаңабек Жетіруовтың «Обай бастауы» фильмінің тұсаукесері өтті.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Жаңабек Жетіруовтың «Аққыз» фильмі мерейтойлық XV «Қараңғы түн» кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады. Шығыс Еуропада ең ірі фестивальдердің бірі болып саналатын бұл мәдени іс-шара Таллинн қаласында қарашаның 16 мен 30 аралығында өтеді.