2011 жылдың 25 шілдесінде Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсіріп жатқан режиссер Дамир Манабайдың «Лотерея» фильмінің түсіру алаңына журналистар барып қайтты.
Құрметті журналистер! 2011 жылы 22 қырүйекте VII «Еуразия» халықаралық кинофестиваль шеңберінде кино шеберлеріне арналған «Қазақстан киножобаларының нарығы» атты кәсіби халықаралық бизнес алаңы өтеді.
Бұл шараға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры Ілияс Ахмет, «MG Production» компаниясының бас продюсері Ернар Маликов, сондай-ақ актерлар-голивудтың танымал актрисасы Кристанна Локен («Терминатор-3», «Бладрейн»), Никита Пресняков («Индиго», «Елки») және Санжар Мадиев («Сказ о розовом зайце») қатысты.
Шет ел БАҚ өкілдерін қызықтыратыны - қазақстандық киноиндустриясының дамуы мен басқа елдермен ко-өнімі мүмкіндігі. Журналистер сапарын «Қазақфильм» киностудиясын аралаудан бастады. Киностудияның заманауи техникалық мүмкіндіктерімен, оның ішінде декорацияланған павильондарды, motion capture бағдарламасы орнатылған анимациялық кешені мен сандық кешеніндегі бейне және дыбыс жазу лабараторияларын, DOLBY қайта дыбыс жазу мен түсөңдеу лабараторияларымен танысты.