• 31.10.2011

    «Риэлтор» фильмі Александр Башировтың кинофестиваліне қатысады

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссері Әділхан Ержановтың «Риэлтор» фильмі Ресейдің «Дебоширфильм-Чистые грезы-XIV» фестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Фестивальдің президенті ресейдің танымал актеры және режиссері Александр Баширов («Игла», «Асса», «Чужая Белая и Рябой», «Железная Пята Олигархии»). 1997 жылдан бері өткізіліп жатқан бұл шараны «ДебоширфильмСтудия» кинокомпаниясы ұйымдастыруда.

    Осы жылы «Дебоширфильм-Чистые грезы-XIV» фестивалі «Адам іздеймін!» деген ұранмен басталды. Фестивальдің форматы ерекше, сондықтан да осы фестивальге менің фильмім өтсе екен деп армандап едім,-деді фильмнің режиссері Әділхан Ержанов.

    Фестивальдің ресми сайтында «Бұл фестиваль Диоген құдайының қол шамы сияқты киноөндірісте көзге байқалмайтын мәселелер ашылады. Фестивальдің фильмдерінде әлеуметтік қиындықтар мен оған тойтарыс бере алатын адам күші жақсы суреттеледі», - деп жазылған. 2011 жылы 10 мен 15 қазан аралығында өтетін бұл фестивальдің қазылар алқасы: режиссер Владимир Бортко, оператор Милош Спасоевич, суретші Никас Сафронов, киносыншы Любовь Аркус, музыкалық журналист Ратемий Троецкий.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019