Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Дархан Қожаханның «Встречная проверка» телехикаясына кастинг жариялайды.
Қарашаның 15 мен 18 аралығында Тәжікстанда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен Тәжікстандағы Қазақстан Республикасының елшілігі ұйымдастырған қазақ киносының күндері өтті.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Серпін» және «Ка мырза, Сіз кімсіз» фильмдері Үндістанның Мумбай қаласында 2011 жылдың желтоқсанның 22-сі мен 29-ы аралығында өткізілетін The Third Eye Asian film festival кинофестивальде бақ сынайды.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссері Нариман Төребаевтың «Шуақты күндер» фильмі Швецияның Гетеборг қаласында өтетін «Бес континент» атты Халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына ілінді. Фестиваль 2012 жылы 27 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді.