Фильмдер
«Қазақ хандығы. Алтын тақ»
XV ғасырдың орта шені. Шыңғыс хан мен Әмір Темір империяларының қирандысының орнына бірнеше ұлыстар бой көтерген. Орыс хан тағын күшпен иеленіп, 40 жыл бойы жеке дара билік құрған Әбілқайыр ханның ауыр езгісі...
«Қыз бен теңіз»
Өзінің жазылмайтын ауруына қарамастан, Әсел есімді бойжеткен отбасын құрып, ана атану үшін өмірдің бар қиыншылығына көнуге дайын. «Арман алға жетелейді» демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді.
«Тренинг личностного роста»
«Тренинг личностного роста» фильмі жасы қырыққа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіріп жүрген банк қызметкері Қанат туралы баяндайды. Ол –армандамайтын, өмірден ештеңені күтпейпін жан, өзін және өмірлік ұстанымдарын жоғалтқан.
«Күлтегін»
Ұлы түрік мемлекетіне ыдырау қауіпі төнеді. Түркілердің бірлігін сақтап қалан Ұлы Елтеріс қаған жаңа мемлекетті құруды көздеген сатқындардың қолынан мерт болады. Тақтың мұрагері Елтерістің ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады...
ПО ТИПУ: ГОД ВЫПУСКА:
«Балуан Шолақ»

Художественный фильм, 2019

Қазақ сал-серілерінің соңғы тұяғы, тарихта «Балуан Шолақ» деген атпен белгілі өзі балуан, әрі ақын әрі сері Нұрмағанбет Баймырзаұлы жайындағы бұл фильмде ақынның ел басына қиын-қыстау күн туған шақта жасаған ерлігі баян етіледі.

«Қазақ хандығы. Алтын тақ»

Художественный фильм, 2019

XV ғасырдың орта шені. Шыңғыс хан мен Әмір Темір  империяларының қирандысының орнына бірнеше ұлыстар бой көтерген. Орыс хан тағын күшпен иеленіп, 40 жыл бойы жеке дара билік құрған Әбілқайыр ханның ауыр езгісі - Дешті қыпшақ жұртының  жаппай  наразылығын тудырды.

«Қыз бен теңіз»

Художественный фильм, 2017

Өзінің жазылмайтын ауруына қарамастан, Әсел есімді бойжеткен отбасын құрып, ана атану үшін өмірдің бар қиыншылығына көнуге дайын. «Арман алға жетелейді» демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді.

«Шыңырау»

Художественный фильм, 2018

Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі бойынша түсірілген көркем фильм Еңсеп есімді құдықшының өмірін, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін қиындықтар туралы, атап айтсақ, бақталастық, менмендік, махаббат, достық пен сатқындық туралы баяндайды.  

«Елбасы Жолы. Астана»

Художественный фильм, 2018

«Елбасы Жолы. Астана» фильміне Астанамыздың салыну тарихы арқау болған. Оқиға 1994 жылдың шілде айынан бастау алады. Кеңес Одағы құлағаннан кейін қайта құрылған мемлекет – Қазақстанның тәуелсіз дара жолы басталады. Экономикалық дағдарыс пен саяси тұрақсыздыққа тап болған сол бір қиын-қыстау кезеңдерде, мемлекет Президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіруді ұсынады. Бұл ұсыныс барша халық үшін күтпеген оқиға болды, мұндай шешімнің іске асатынына және оның жемісті болатынына ешкім сенбеді.

«Тренинг личностного роста»

Художественный фильм, 2018

«Тренинг личностного роста»  фильмі жасы қырыққа келген, орта жас күйзелісін бастан кешіріп жүрген банк қызметкері Қанат туралы баяндайды. Ол –армандамайтын, өмірден ештеңені күтпейпін жан, өзін және өмірлік ұстанымдарын жоғалтқан. Бірде Қанат тұлғалық қалыптасу – көшбасшылық қасиеттерді дамыту тренингіне барады.

«Күлтегін»

Анимационный фильм, 2018

Ұлы түрік мемлекетіне ыдырау қауіпі төнеді. Түркілердің бірлігін сақтап қалан Ұлы Елтеріс қаған жаңа мемлекетті құруды көздеген сатқындардың қолынан мерт болады. Тақтың мұрагері Елтерістің ұлы 12 жасар Күлтегін қашып құтылады.

«Саташ»

Художественный фильм, 2018

Өркениеттен тыс қалған ауылдың бірінде учаскелік полицей ауылды басып алған қылмыскерлермен күреске түседі. Ұрланған құнды заттарға толы жүк көлігі осы ауылда сынып қалғандықтан, қылмыскерлер жүк қоймасын іздеп, осы ауылда тоқтауға мәжбүр болады.Олар екі күннің ішінде жерге көмілген бағалы жүктерін қазып алып,ешкімге зиян келтірмей ауылдан қашып кетуді көздейді.

«Мұзбалақ»

Анимационный фильм, 2018

Ерте заманда адамдар кесірінен жер астындағы айдаһарға айналып келе жатқан абжылан оянып, жер бетіне шығып, маңайын жалмап, қазақ ауылына үлкен апат әкеліп, үрей туғызады. Ол ауылды отқа орап, қарсы келгенді жалмап келе жатқанда, бір қыран бүркіт балапанын қорғап, онымен айқасады.

«Талан»

Художественный фильм, 2018

Тағдырдың жазуымен бар өмірін елден жасырын өткізген адамның ортамен байланысы ақыры трагедиямен аяқталады. Осындай талайлы тағдырлар арқылы азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың арманы   –  тәуелсіздіктің қадір-қасиеті көрінеді. Талан – тағдырдың синонимі.

1 2 3 4 5 ... 7
Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz

  


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2018