Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының дамуына ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Шыңырау» көркем фильмі қаңтардың 15-і мен 31-і аралығында Болгарияның астанасы София қаласында өтіп жатқан 13-ші халықаралық кинофестивальге (Sofia MENAR Film Festival) қатысуда.
Режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» (2017), «Алтын тақ» (2019) көркем фильмдерін және «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясының екі маусымын Түркия (“Duru Filmcilik”) және Қытайдың (“Magic Fair”) ...
Кинорежиссер Әділхан Ержанов өзінің «Адемоканы оқыту» атты кезекті 12-ші толықметражды көркем фильмінің түсірілімін аяқтады. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ қолдауымен «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» АҚ және Short Brothers компаниясының қатысуымен түсірілді.
Режиссерлері Әзизжан Зайыров пен Мұхамед Мамырбековтың «Қыз бен теңіз» фильмі Silk Road Film Awards – Cannes кинофестивалінде «Әлеуметтік тақырыптағы үздік фильм» жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ фильмде басты рөлдерді сомдаған актерлер Динара Шарипова және Тахир Умаров фестивальдің құрметті аталымына ие болды.
Кеше, 26.11.20 киностудия аумағында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Бүгін, 6 қарашада Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қыз Жібек» көркем фильміне 50 жыл толуына орай «Қазақ киносының алтын қоры» топтамасы шеңберінде пошта маркасын айналымға шығарды
«Қазақфильм» киностудиясы Ақан Сатаевтың жаңа тарихи блокбастеріне ONLINE-кастинг жариялайды.
9 қазанда «Қазақфильм» киностудиясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларының бірі қазақстандық медиа бизнесмен, Forbes Kazakhstan баспагері, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов болды.
Режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) және Лиза Такэбаның (Жапония) «Барымташылар. Уақыт жолдары» атты көркем фильмі Франциядағы прокатқа шығуға дайындалып жатыр. Фильмнің продюсері Юлия Кимнің айтуынша, француз көрермендері фильмді үлкен экрандарда 2020 жылдың 16 желтоқсанынан бастап көре алады.