Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында үш бірдей толықметражды көркем фильмдердің жобалары талқыланып, өндіріске жіберілді.
Жақында «Қазақфильм» киностудиясы Қазақстан мен Ресей бірлесіп өндірген «28 панфиловшы» фильмінің прокатын Тәжікстанда жасайтын болады. Қазақстанда бүгінгі күннің есебі бойынша фильмнің жинаған сомасы 61,089 млн. теңгені құрап отыр. Ал Ресейде кино фонд есебіне сәйкес фильм 344 млн.рубль жинаған.
2016 жылдың 16 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында және 17 желтоқсан күні Алматыда Республика сарайында «Қазақ Елі» киносериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмінің тұсаукесері өтті.
Шымкентте «Нұртас Оңдасынов» атты толықметражды деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Бұл фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Алматыфильм» киностудиясымен бірлесе отырып шығарған.