• 21.12.2016

    «Қазақфильм» киностудиясы «28 панфиловшы» фильмінің прокатын Тәжікстанда жасамақ

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Жақында «Қазақфильм» киностудиясы     Қазақстан мен Ресей бірлесіп өндірген «28 панфиловшы» фильмінің прокатын Тәжікстанда жасайтын болады. Қазақстанда бүгінгі күннің есебі бойынша фильмнің жинаған сомасы 61,089 млн. теңгені құрап отыр. Ал Ресейде кино фонд есебіне сәйкес фильм 344 млн.рубль жинаған.

    Аталмыш фильм Қазақстан мен Ресейде прокатта көшбастап тұр. Көрермендер қызығушылығының артуына байланысты фильм әлі де кинотеатрларда жүріп жатыр(фильмнің тұсаукесері 18 қарашада өткен).

    Естеріңізге сала кетейік,   «28 панфиловшы» көркем фильмін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі қатысуымен «28 панфиловшы» тәуелсіз студиясы (Санкт-Петербург, Ресей) түсірген.

    Айта кетейік, генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері туралы түсірілген фильмнің негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған. Қаржыны жинауға 35 мыңнан астам адам қатысып 34,7 миллион рубль жиналған. Сондықтан да фильм «халықтық кино» аталып отыр. Фильмге жұмсалған қаражат 150 миллион рубльді құрайды.  

    Қазақстан мен Ресей елдері бірлесе түсірген бұл фильмнің прокаттағы жинаған сомасы оған жұмсалған қаржыдан асып түсуі жобаның сәтті шыққанын дәлелдейді.
        

        Фильм туралы: «28 панфиловшы» – 1941жылдың қарашасында Волоколамск тас жолында неміс әскеріне төтеп берген панфилов дивизиясының атқыштар ротасы жауынгерлерінің жасаған ерлігі бейнеленген көркем фильм. Фильм Советтік әскери кинопевестердің эститикасын ұстана отырып түсірілген. Бұл туынды рухы биік қарапайым әскерге арналған ескерткіш. Фильмнің көркемдік формасы В.Высоцкийдің әндерімен әуендес, С.Гудзенконың өлеңдеріне жақын, сондай-ақ П.Кривоноговтың суреттері мен Е.Вучетичтің статуяларына ұқсас келеді.
    Фильмдегі оқиға 1941 жылдың күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдың 16 қарашасында генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-шы атқыштар дивизиясының 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістің танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеңес сарбаздарының ерлігіне арналған.

    Туындының түсірілімі екі мемлекеттің аумағында жүргізілді. Қысқы көріністер Санкт-Петербор пен Иваново төңірегінде түсірілген. Соңғы кадрларда Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ көрсетіледі.

    Сценарий авторы: Андрей Шальопа
    Режиссерлер: Андрей Шальопа, Ким Дружинин
    Қоюшы оператор: Никита Рождественский
    Қоюшы суретші: Екатерина Лизогубова
    Композиторы: Михаил Костылев
    Рөлдерде: Александр Устюгов, Яков Кучеревский, Азамат Нигманов, Олег Федоров, Антон Кузнецов, Алексей Лонгин, Азиз Бейшеналиев, Дмитрий Сутырин, Андрей Бодренков, Аскар Тлеугабылов және басқалар.

    Фильмнің Қазақстан аумағындағы прокатын Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жүзеге асырады.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019