Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі желісі бойынша толықметрлі көркем фильм түсіруді қолға алды. Фильмнің дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазір түсірілім тобы жасақталып, актерлерді іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері Жаңабек Жетіруов.
2016 жылы желтоқсанның 1-і мен 4-і аралығында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Алатау» дәстүрлі өнер театры мен Алматы қаласының мәдениет және мұрағат басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы жолы» киноэпопеясының қайырымдылық көрсетілімін өткізеді.
ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі Францияның Онфлёр қаласында қарашаның 22-і мен 27-і аралығында өтетін XXIV Ресейлік кино фестивалінде (Festival du Cinema Russe) «Ерекше құбылыс» бағдарламасы аясында көрсетіледі. Фильмнің режиссері Сергей Снежкин.