• 15.12.2016

    Шымкентте Нұртас Оңдасынов туралы фильмнің тұсаукесері өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Шымкентте «Нұртас Оңдасынов» атты толықметражды деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Бұл фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Алматыфильм» киностудиясымен бірлесе отырып шығарған.

    Фильмнің басты кейіпкері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (1904-1989жж.) көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым. Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған жылдары Қазақстанның экономикасы, ғылымы мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан.
    Нұртас Оңдасынұлы еліміздің біртуар азаматтарына  қолдау көрсетті, атап айтсақ, Д.Қонаевқа саясатта, Қ.Сатпаевқа ғылымда, Х.Наурызбаевқа мәдениетте және т.б.
    Зейнеткерлікке шыққан соң Н.Оңдасынов Мәскеуде тұрып, өмірінің соңына дейін ғылыммен айналысты, лингвистика мен шығыстану саласында он томдық ғылыми еңбектер жазды.  

    Фильмнің тұсаукесеріне Нұртас Оңдасыновтың туыстары, Еңбек ардагерлері және Оңтүстік Қазақстанның жастары қатысты.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019