Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы түсірген «Жаңғақ тал» фильмі Везульдегі (Франция) Азия киноларының 22-і Халықаралық кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды. Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың кинокартинасы халықаралық қазылардың арнаулы жүлдесіне және кино сыншыларының арнаулы жүлдесіне ие болды.