Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, кинопродюсер және инвестор Әлидар Өтемұратов Голливудтың танымал продюсерлері – Кери Гранат (Cary Granat) және Оскар жүлдесінің иегері Эд Джонспен бірлесе отырып, 1925 жылы Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған «Әміре» атты (жұмыс атауы) киножобаны түсіруді қолға алды.