27 тамызда Астана қаласында «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген ««А»-ға оралу» атты жаңа қазақстандық көркем фильмді тамашалады.
28 мен 30 тамыз аралығында Алматыда Арбатта Шәкен Айманов атындағы киностудиясы отандық танымал актерлардың қатысуымен соңғы жылдар ішінде түсірілген фильмдердің көрсетілімін өткізеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары: Алмалы ауданының қолдауымен «КаР-Тел» ЖШС және Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ.
11 мен 20 қыркүйек аралығында Анапа қаласында ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің ХХ «Киношок-2011» кинофестивалі өтеді. Фестивальдің негізгі бағдарламасына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген екі бірдей фильмдер қатысатын болады. Олар: режиссер Әділхан Ержановтың «Риелтор» және режиссері Сәбит Құрманбековтың «Жиде. Кеш келген махаббат» фильмдері.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Ресейдің «Интерфест» компаниясымен бірлесіп түсірген, режиссерлері Ержан Рүстембеков пен Александр Черняевтың «Махаббат тәлкегі» фильмі 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Болгарияның Варна қаласында өтетін «Любовь-это сумасшествие» атты ХІХ Халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына іріктелініп алынды.