• 23.06.2022
    19

    «Қазақфильмде» қазақ киносының алтын қорына енген фильмдерді сандық нұсқаға көшіру және қайта өңдеу бойынша эксперттік комиссияның отырысы өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    «Қазақфильм» киностудиясында Ресейдегі Мемлекеттік кино қорында сақталған фильмдерді сандық нұсқаға көшіру және қайта өңдеу бойынша эксперттік комиссияның отырысы өтті. Аталған жоба «Отандық алтын мұрағат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

              Кездесуге еліміздің белгілі киногерлері: режиссер Болат Қалымбетов, актриса Жанна Қуанышева, продюсер Олжабай Мұсабеков, кинодраматург Нұрлан Санжар, «Қазақфильмнің» бас редакторы Бекболат Шекеров, деректі кино режиссері, өнертанушы Ерлан Төлеутай, кинотанушы Гүлзат Көбек және киностудияның қызметкерлері қатысты.

              Эксперттік комиссия мүшелері аталған мәселе бойынша өз ұсыныстарын айтып, Ресейдің кино қорында пленкада сақтаулы фильмдердің тізімімен танысты. Кездесу соңында отырысқа қатысқандар 4 жыл ішінде сандық форматқа көшіріліп, қайта өңдеуден өтетін 20 фильмді таңдап алды. Олардың ішінде Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов, Мәжіт Бегалин, Шарип Бейсембаев сынды қазақ киносының классиктерінің туындылары бар. Айта кетсек, 2022 жылы «Қазақфильм» киностудиясы «Отандық алтын мұрағат» жобасы аясында 5 көркем фильмнің түпнұсқасын алуды жоспарлап отыр.  

              Өздеріңізге белгілі, КСРО кезінде Кеңес Одағы республикаларында түсірілген фильмдердің бастапқы материалдары - түпнұсқалары, сол кезде белгіленген киноөндіріс алгоритмі бойынша Мәскеу облысы Белые Столбы қаласында орналасқан Ресейдің Мемлекеттік кино қорына сақтау үшін берілген. Бұл қорда кеңес заманында түсірілген 350-ден астам қазақстандық фильмдердің (көркем, деректі және анимациялық) түпнұсқалары сақталған.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020