20.06.2022
29
Кореяда Қазақ киносының фестивалі өтеді
Барлық фотосуреттерді көру
2022 жылы маусымның 24-26 аралығында Пусан қаласында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай Кино сарайында Қазақ киносының фестивалі өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Фестиваль аясында Пусан халықаралық кинофестиваліне әр жылдары қатысқан қазақ фильмдері, оның ішінде «Қазақфильм» киностудиясының туындылары: «Ер Төстік және Айдаһар» анимациялық фильмі (реж. Ж. Дәненов пен Р. Тұралиев, 2013 ж.), «Жаңғақ тал» (реж. Е. Нұрмұхамбетов, 2015 ж.), «Тұлғалық өсу тренингі» (реж. Ф. Шәріпов, 2018 ж.) және «Уақыт жолдары» (реж. Е. Нұрмұхамбетов, 2019 ж.) ұсынылады.
Фильмдер түпнұсқа форматында корей тіліндегі субтитрлерімен көрсетіледі. Кіруі тегін.