• 30.06.2022
    55

    Ақан Сатаев Ресейдің Мемлекеттік фильмдер қорына барып қайты

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев Мәскеу облысы Домодедово қаласы Белые Столбы ықшамауданында орналасқан Ресейдің Мемлекеттік фильмдер қорына барып, оның Бас директоры Роман Чистяковпен кездесті.  

    Кездесу барысында Ақан Сатаевқа экскурсия ұйымдастырылып, әлемдегі ең ірі үш кино қоры ретінде Гинесстің рекордтар кітабына енген Мемлекеттік қордың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен тарихымен таныстырды. Одан бөлек, «Қазақфильмнің» президенті фильмдердің пленкалы және сандық нұсқаның қайта өңдеу процесін көріп, пленкалар мен сандық нұсқалардың қорын аралап қайтты.

    Достық рәуіште өткен кездесудің соңында екі жақ жоспарларымен бөлісіп, ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.

    Естеріңізге сала кетсек, КСРО кезінде Кеңес Одағы республикаларында түсірілген фильмдердің бастапқы материалдары - түпнұсқалары, сол кезде белгіленген киноөндіріс алгоритмі бойынша Мәскеу облысында орналасқан Ресейдің Мемлекеттік кино қорына сақтау үшін берілген. Бүгінгі күні бұл қорда кеңес заманында түсірілген 361 қазақстандық фильмнің (көркем, деректі және анимациялық) түпнұсқалары сақталған.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020