• 22.06.2022
    25

    «Күнбағыс» көркем фильмі прокатқа шығады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Алматыда көптеген халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, 50-ге жуық жүлдемен марапатталған «Күнбағыс» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картинаның режиссері - Эля Гильман.

    «Күнбағыс» фильмінің оқиға желісі ересек адамдардың мәселесін шешуге тырысқан, интернетке тәуелді 14 жастағы жасөспірім тәрбиелеп отырған отбасы туралы баяндайды. Көркем кинотуынды қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі –

    жасөспірімдер арасындағы суицид тақырыбын қозғайды.  

    - Көптеген жағдайларға байланысты біздің фильм бес жылға жуық уақыттан кейін ғана үлкен экрандарға жол тартты. Фильм шынайы оқиғаға негізделген. Осыдан жиырма жыл бұрын достарымыз ұлдарынан айырылып қалған еді. Жерлеу рәсімі кезінде ұлдың әкесі жиналғандарға «Балаларыңызбен сөйлесіп жүріңіздерші. Гаджеттер мен қымбат ойыншықтардың орнына өз уақытыңызды бөліп, оларға дер кезінде көмек көрсетіңіздер» деп айтып еді. Сондықтанда фильмдегі басты оқиға – менің барлық ата-аналарға жолдауым, - деді режиссер Эля Гильман.

    Фильмдегі басты рөлді актер Рашид Мусин сомдады. Бұл рөлі үшін дарын иесі Cannes World Film Festival және Istanbul Film Awards халықаралық кинофестивальдерде «Үздік жас актер» жүлдесімен марапатталған болатын. Сондай-ақ фильмге Еркебұлан Дайыров, Слобода Мичалович (Сербия) және Кирилл Кяро (Ресей) түскен.

    «Күнбағыс» фильмі 23 маусымнан бастап шектеулі прокатқа шығып, бар жоғы бір апта бойы Алматы кинотеатрларында көрсетілетін болады.

    Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Сталкер Синема» ЖШС-мен бірлесіп түсірген.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020