• 16.06.2022
    31

    «Қазақфильмнің» қызметкерлері Құқық иеленушілердің республикалық конференциясына қатысты

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    2022 жылы 15 маусым күні Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Құқық иеленушілердің республикалық конференциясы өтті. Шара барысында креативті индустрия, репрографикалық шығармалар бойынша және оларды музыкалық шығармаларды пайдаланған жағдайда туындайтын авторлық құқықтардың проблемалары, сонымен қатар зияткерлік меншік құқықтары бойынша басқа да өзекті мәселелер қаралды.

    «Абырой» авторлық қоғамы» ҚБ ұйымдастырған конференцияға ҚР Әділет министрлігі зияткерлік меншік жөніндегі департаменттің жетекшілері Ермек Алтынбеков және Гүлнар Кәкен, ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлері, авторлық қоғамдардың өкілдері, авторлық құқықтарды қорғау мәселелерімен айналысатын креативті индустрия саласының мамандары қатысты.

    Кездесу барысында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесші, з.ғ.к, Ph.D. Әли Шаукенов және киностудияның Заң қызметінің жетекшісі Данияр Сейфуллин өз баяндамаларын оқыды.

    «Қазақфильмнің» қызметкерлері киностудияда жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде авторлық құқықтарды қорғау проблемалары туралы, креативті индустрияның бөлігі ретінде кино саласының тәжірибиелік аспектілері жөнінде айтып берді. Іс-шараға киностудияның заңгері, құқық магистрі Ксенния Яшенкова да қатысты.

    Ашық диалог алаңына айналған Құқық иеленушілердің республикалық конференциясы барысында қатысушылар өзекті мәселелерді қозғап,  ҚР Әділет министрлігі және басқа да органдардың зияткерлік меншік құқықтары саласында атқарып жатқан шаралары туралы толық мәлімет алды.  



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020