Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Нариман Төребаевтың «Солнечные дни» фильмі Локарно қаласында өткен 64-ші Халықаралық Кинофестивальде тәуелсіз сыншылардың «Premio Boccallino» жүлдесімен марапатталды. Естеріңізге сала кетсек, аталмыш фильм фестивальдің конкурстық бағдарламасына қатысқан болатын. Киносыншылар тағайындайтын бұл жүлде осымен 11-ші рет тапсырылды.
16 тамыздан бастап VII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін журналистер аккредитациясы басталды.
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Қанағат Мустафиннің «Рывок» атты фильмі тамыз айынан бастап DVD нұсқасында шығады. Естеріңізге сала кетсек, «Рывок» - бұл отандық спортшының тағдыры мен алғашқы махаббаты жайында баяндайтын жастарға арналған спорт тақырыбындағы драма.
Ресейдің танымал режиссері Павел Чухрай Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен «Испытание» атты фильмді түсіріп жатыр. Фильмнің желісі 1953 жылы Семейде орын алған ядролық полигон кезінде алғашқы сутектi бомбаның сынауына негізделген. Сутектi бомбаның сынауын түсiру үшiн жас операторды Семейге жiбередi. Ол жерде жас жігіт өз махаббатын кездестіреді.
Назар аударыңыз! Сайтта уақытша техникалық пысықтаулар бар. Егер сұрақтар туындаса: фильмдерді тарату бойынша- +7 702 000 1610 түсірілім техникасын жалға алу бойынша - +7 777 224 2432 павильондарды жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 костюмдер мен реквизиттерді жалға алу бойынша- +7 705 490 4757 кинотүсірілім автокөлігін жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315 "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі бойынша-+7 (727) 3021437 киностудия бойынша экскурсиялар өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315