Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген режиссер Нариман Төребаевтың «Солнечные дни» фильмі Локарно қаласында өткен 64-ші Халықаралық Кинофестивальде тәуелсіз сыншылардың «Premio Boccallino» жүлдесімен марапатталды. Естеріңізге сала кетсек, аталмыш фильм фестивальдің конкурстық бағдарламасына қатысқан болатын. Киносыншылар тағайындайтын бұл жүлде осымен 11-ші рет тапсырылды.
- Қазақтың кілемдері сияқты бұл фильм өте әдемі және байланысы жақсы. Алматының ерекше табиғаты көркем суреттелген. Фильмге қатысты ешбір ескертулер жоқ, мұндай картиналар өте қажет, - делінген Нариман Төребаевқа табысталған фестивальдің дипломында.
«Premio Boccallino» жүлдесі –бұл томарға орнатылған сыра ішуге арналған үлкен фарфор ыдысы.
- Фильмнің көрсетілімі жақсы өтті. 900 көрерменге арналған зал толы болды. Көрсетілімнен кейін көрермендер қол соғып, тіпті сыртқа шыққанымда кейбіреулер алғысын білдіріп жатты,-деді фильмнің режиссері Нариман Төребаев.
Режиссердің айтуынша, «Солнечные дни» фильмі халықаралық дистрибьютерлер тарапынан жоғарғы бағаға ие болып, көптеген басқа да фестивальдерге шақыру алды.
![]() |
![]() |
![]() |