Ресейдің танымал
режиссері Павел Чухрай Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының
қолдауымен «Испытание» атты фильмді
түсіріп жатыр. Фильмнің желісі 1953 жылы Семейде орын алған ядролық полигон
кезінде алғашқы сутектi бомбаның сынауына
негізделген. Сутектi бомбаның сынауын түсiру үшiн жас операторды Семейге жiбередi. Ол жерде жас жігіт өз махаббатын кездестіреді.
- 2011 жылдың 3 тамыздан басталған фильмнің түсірілімі Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында жүрiп жатыр. Ол жерде үлкен декорациялар орнатылған, атап айтсақ, бомбаны көтеруге және оны жаруға арналған мұнара макетi бар әскери полигоны, басқа да әскери объектілер мен химия базалары қайта жасақталды. «Казақфильм» киностудиясының күшімен декорациялардың құрылысы жарты жыл бұрын басталды,- деді фильмнің атқарушы продюсері Әділ Қожабергенов.
Фильмнің басты кейіпкерлерін сомдайтын ресейлік актерлар: Сергей Гармаш, Ингеборга Дапкунайте, Чулпан Хаматова және Мария Голубкина. Қазақстандық актерлардан Байкенже Белбаев пен Ерболат Тоғызақов қатысады.
- Түсіру тобында жалпы 200-ге жуық адам бар. Олардың 70 пайызы ресейліктер, қалған 30 пайызы қазақстандықтар. Барлығы да Қапшығай қаласының демалыс орындарында тұрып жатыр,-деді Әділ Қожабергенов.
Фильмнің түсіру жұмыстары 2011 жылдың 30 қазынына дейін жалғасады.