14 сәуір күні «Арман» кинотеатрында режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінің тұсаукесер рәсімі өтеді. Аталған шараға түсірілім тобы қатысады. Фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірілді.
Ұлықтау күні қарсаңында, кеше кешкілік Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» орталық концерттік залына келді. Осында Мемлекет басшысы үшін «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмнің тұсаукесерлік көрсетілімі арнайы ұйымдастырылды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген, режиссер Рүстем Әбдірашевтің бұл туындысы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік додадағы жеңісіне өзіндік бір тарту болғандай! «Балалық шағымның аспаны» («Небо моего детства») балалық бал дәурені — бүкіл өмір майданға байланған шаққа және соғыстан кейінгі «тар жол, тайғақ кешу» жылдарына тұспа-тұс келген баланың тарихы. Ал баланың аты — Нұрсұлтан!
Соңғы онжылдықтағы ең ірі «Мың бала» атты тарихи киножобаның түсірілімі басталды. Фильмнің режисері Ақан Сатаев. «Мың бала» Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Новый киноформат» кинокомпаниясының бірлескен жобасы.
Алматы қаласында режиссер Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» атты боевик жанрындағы фильмінің журналистерге арналған алғашқы көрсетілімі өтті. Фильмнің басты рөлдерін Берік Айтжанов пен қатар Әзіз Бейшенәлиев, Қарлығаш Мұхамеджанова және Винни Джонс сомдайды. Аталған фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Сатайфильм» кинокомпаниясының бірлескен жобасы.
«Қазақфильм» киностудиясында «SOS Алматы балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне арнайы қайырымдылық экскурсия ұйымдастырылды.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Данияр Саламаттың «Кішкентай» атты фильміне кастинг жариялайды.
2011 жылдың 14 наурыз күні Алматыда белгілі ақын, аудармашы, суретші Анатолий Кимнің шығармашылық кеші өтті. Кешті Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастырды.
5 наурыз 2011 жылы «Цезарь» кинотеатрында «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалінің шеңберінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұсынуымен режиссер Бақыт Қайырбековтың «Төрегелді Шарманов — Ел азаматы» атты фильмі көрерменге жол тартты.
«Қазақфильм» киностудиясы Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай ұйымдастырып отырған «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалі әлі де жалғасуда.
Назар аударыңыз! Сайтта уақытша техникалық пысықтаулар бар. Егер сұрақтар туындаса: фильмдерді тарату бойынша- +7 702 000 1610 түсірілім техникасын жалға алу бойынша - +7 777 224 2432 павильондарды жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 костюмдер мен реквизиттерді жалға алу бойынша- +7 705 490 4757 кинотүсірілім автокөлігін жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315 "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі бойынша-+7 (727) 3021437 киностудия бойынша экскурсиялар өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315