• 04.03.2011

    Жаңабек Жетіруовтың «Әбіш Кекілбаевтың әлемі» атты фильмі көрерменге жол тартты

    «Қазақфильм» киностудиясы Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай ұйымдастырып отырған «Қазақстанның жаңа деректі фильмдері» фестивалі әлі де жалғасуда.

    Фестивальдің төртінші күні Жаңабек Жетіруовтың «Әбіш Кекілбаевтың әлемі» атты фильмінің тұсауы кесілді. Қазақстанның халық жазушысы, қоғам және саясат қайраткері, тірі аңызға айналған Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев жайында түсірілген фильмнің алғашқы көрсетіліміне еліміздің мәдениет қайраткерлері мен түсірілім тобы да келді.

    «Мен 40-қа жуық деректі фильм түсірдім. Алайда, алғаш рет менің фильмім кинотеатрда көрсетіліп отыр.Сондықтан, мен үшін бұл өте маңызды жайт екендігін, түсініп отырған боларсыздар.» — дейді, режиссер.

    «Әбіш Кекілбаев жайында деректі фильм түсіру оңай шаруа емес. Түсірілім мерзімі екі жылға дейін созылды. Әбіш ағаны фильмге түсуге үгіттеудің өзі қиынға соқты. Дегенмен де, фильм түсірілімі сәтті аяқталды. Ең маңыздысы, Әбіш ағаның батасын да алдық.» —деп, сөзін жалғастырды фильмнің авторы.

    Сондай-ақ, автордың айтуынша, жақын арада фильмнің орыс тілді нұсқасы да шығады.Оны отандық телеарналардың бірінен тамашалауға болады.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019