• 16.03.2011

    Анатолий Ким. Қайта оралу

    2011 жылдың 14 наурыз күні Алматыда белгілі ақын, аудармашы, суретші Анатолий Кимнің шығармашылық кеші өтті. Кешті Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастырды.

    Алматыдағы жеті жылдық шығармашылық қызметінің нәтижесінде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын және Әбіш Кекілбаевтың үш томдық жинағын, Әбдіжәміл Нұрпеиісовтың шығармаларын аударумен көпшілікке танылған жазушы, суретші, аудармашы Анатолий Ким, енді міне, Мәскеуге қайта оралуда.

    «Қазақтың ежелден келе жатқан «көрісу» деген салт-дәстүрі бар» — деп, бастады кештің жүргізуші қызметін атқарған мәдениеттанушы Мұрат Әуезов. Көшпелі қазақ ежелгі уақытта қақаған қысқы аяздан кейін наурыздың алғашқы күндері арнайы көрісуді бастайтын. Бүгінгі кездесу қоштасу емес, қайта көрісу болғанын қалаймыз.

    Аталған мерекелік шараға бүгінгі күні классик жазушыларға айналып үлгерген белгілі қоғам қайраткерлері Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Әбдіжаміл Нұрпеисов қатысты. Әбдіжәміл Нұрпеисовтың айтуынша, «аударма ісі — өнердің биік шыңы», ал Кимнің қазақ шығармаларын, соның ішінде Әуезовтың «Абай жолы» романын аударуы – талант иесінің шыққан шығармашылық шыңы.

    «Қазақфильм» киностудиясында Анатолий Кимнің сценарилері бойынша «Сестра моя Люся», «Выйти из леса на поляну», және Канн фестивалінің алтын қорына енген атақты «Месть» фильмдерін түсірген режиссер Ермек Шынарбаев шығармашылық бірлестіктерінің алғашқы қадамдарын еске алды. Режиссер жазушыны Мәскеуге іздеп барған кезінде жазушы бірігіп жұмыс істеуден бас тартқан болатын.

    «Алматыға мен жараланып келдім. Бес ай уақыт өткеннен кейін оған хат жолдадым. Хатта былай делінген еді: «Анатолий Андрейұлы,Сіз менімен бірігіп жұмыс жасаудан бас тартуға хақыңыз жоқ. Себебі, екеуіміздің керемет, мақтан тұтатын балаларымыз болады.» Осы хат іске жарады. Нәтижесінде, 1983 жылы менің «Сестра моя Люся» фильміме сценарий жазып берді.» — деп, режиссер ой-толғауларымен жиылған қуыммен бөлісті.

    Өз кезегінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаев былай деді: «Француз жазушысы әрі философы Андре Мальроның  «Өнер — өз тағдырыңа қарсы шығу. Себебі, өнер уақытқа төтеп бере алатын жалғыз дүние» деген сөзін айта кете отырып, Анатолий Ким – нағыз өнер адамы дегім келеді. Ол әр шығармасын қайғыра отырып жазады. Ұлылардың сөзімен айтқанда, шығармашылық — бұл қайғы. Қайғының арқасында адам тұла бойын босатып, жаңа қайғыны қабылдауға дайындалады.»

    «Менің Қазақстаннан кетуімнің мистификациясын түсіндірудің кезі келген сыңайлы.» — деп бастады өз сөзін  кеш иесі. «Әдебиеттегі бар атқарар ісімді аяқтағаннан кейін, мен өз шығармашылығымды да біржолата тоқтатамын, -деп, кезінде өз-өзіме сөз берген болатынмын. Міне, енді сол сәт келіп жеткен тәрізді. Көпшіліктің санасын жаулаған «Анатолий Ким керемет жазушы» деген ой мен сенімнен біржолата арылғым келеді. Менің жаным бостандықты қалайды. Бүгінгі кеште баршаңыз мені тамаша аудармашы деп, ой бөлісіп жатырсыздар. Менің ойымша, бұл жетістікке мен талантымның арқасында емес, кең пейілді қазақ халқының жан дүниесін түсіне білгендіктен жеттім деп есептеймін. Сіздермен, мен жазушы ретінде бай-қуатты болдым. Сіздерге айтар алғысым шексіз!»

    Кеш соңында қонақтарға Анатолий Кимнің сценариі бойынша түсірілген фильмдердің үзінділерін көрсетіп, «Анатолий Ким жас суретші» — деп, қалжындаған суретші өзінің суреттер жинағын тарту етті.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019