• 24.03.2011
    2195

    Балаларға арналған қайырымдылық экскурсия ұйымдастырылды

    «Қазақфильм» киностудиясында «SOS Алматы балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне арнайы қайырымдылық экскурсия ұйымдастырылды.

    «SOS Алматы балалар ауылының» ең талантты, әрі шығармашылыққа жақын деп іріктелініп алынған балалар «Қазақфильм» киностудиясының ішкі өмірімен танысып, түсірілім павильондарын аралап қайтты. Сонымен қатар, «Қазақфильмнің» соңғы туындыларының бірі — «Махаббат тәлкегі» деп аталатын фильмді тамашалауға арнайы шақырылды.

    Балалардың көңіліне анимациялық бөлімнің жұмысы ерекше әсер қалдырған сыңайлы. Қазақ мультипликациясының жаңа заманауи техникамен жасалу жолдарының қыр-сырымен танысып, олар қазіргі кезде «Ер-төстік» мультфильмін дайындап жатқан аниматорлардың ұшан-теңіз қиялдарын таңдана бақылап, өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Дәл осындай қиял әлемін қолдан жасап шығару біздің аниматорлардың қолынан келетіндігіне таңырқай қараумен болды.

    Аниматор Радионова Любовь Ивановна қолындағы ескі қуыршақтарына жүгіне отырып, жас жеткіншектерге қазақ мультипликациясының тарихын, бүгінгі күннің жаңа технологиялық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі айтып берді. Өз сөзінің қорытындысы ретінде әрі дәлелі ретінде балардың назарына 15 минуттық «Балақайлар мен бөжекейлер» атты мильтфильмді ұсынды. Ал одан кейінгі, «Махаббат тәлкегі» фильмінің көрсетілімі балалар үшін тосын сый болды.

    «Киностудия бойынша ұйымдастырылған осындай тамаша саяхат үшін және біз сияқты өсіп келе жатқан ұрпаққа көңіл бөліп жатқандарыңыз үшін айтар алғысымыз шексіз» — деп, экскурсияға қатысушылардың бірі Рафаэль Гасанов өз ойымен бөлісуге асықты.

    «Қазақфильмге» шығармашылық табыс тілеймін. Әсел Сағатова мен Алексей Чадовтың қатысуымен түсірліген «Махаббат тәлкегі» сынды тамаша фильмдер көбее берсін. Көпшіліктің пікірі романтикалық комедияларды жігіттер, бозбалалар көрмейді деп ойлайды. Ал, өз басым осы жанрдағы фильмдерді өте жақсы көремін, тіпті, өзім де осы сияқты фильмге қуана-қуана түсер едім. Бәріміздің бүгінгі алған әсерімізді сөзбен жеткізу қиын, — деп жас жеткіншек ағынан жарылды.

    Егер, балалар сабақтарын жақсы оқып, шығармашылық ізденістерін дамытып жатса, болашақта осы киностудияның қызметкерлері болуы мүмкін деп, акцияны ұйымдастырушылар оқушыларды шабыттандыра түсті.

    экскурсия для детей экскурсия для детей экскурсия для детей
    экскурсия для детей экскурсия для детей  


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020