• 30.03.2011
    2072

    «Ликвидатор» фильмінің журналистер қауымына арналған көрсетілімі өтті

    Алматы қаласында режиссер Ақан Сатаевтың «Ликвидатор» атты боевик жанрындағы фильмінің журналистерге арналған алғашқы көрсетілімі өтті. Фильмнің басты рөлдерін Берік Айтжанов пен қатар Әзіз Бейшенәлиев, Қарлығаш Мұхамеджанова және Винни Джонс сомдайды. Аталған фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Сатайфильм» кинокомпаниясының бірлескен жобасы.

    Фильмнің ресми тұсау кесер рәсімі сәуір айының 6 жұлдызына жоспарланған. Ал 7 сәуірден бастап, еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

    «Рэкетир» және «Адасқандар» фильмімен көпшілікке танылған режиссер Ақан Сатаев бүгінгі күні киноның әр жанрын бағындыра білетін талантты режиссер екендігін дәлелдеуде. Баспасөз-конференция барысында журналистер қауымы бұл фильмге «отандық өндірістегі экшн жанрындағы ең үздік фильм» деп баға берді. Расында да, Ақан Сатаевтың үшінші толықметражды туындысы көпшілікті таң қалдырды, әсіресе, фильмнің соңы титрмен шектеліп қалмайды екен…

    Фильмді түсірушілер актерлердың шеберлігіне жоғары баға берді. Әсіресе, басты рөлді, Арсен образын сомдаған актер Берік Айтжановтың шеберлігін мойындамасқа амал жоқ. О баста Берік Айтжанов екінші кезектегі рөлді сомдау керек еді. Алайда, басты кейіпкердің болмысын жақсы түсініп, өзі сомдағысы келгендігін режиссерге жеткізді. Нәтижесінде, екінші кезектегі рөлді Әзіз Бейшенәлиев тамаша ойнап шықты.

    «Менің ойымша, фильм көрермен назарына ұсынылғаннан кейін Берік Айтжанов аса танымал бола түсетін сияқты. Себебі, осы жылы «Қазақфильм» тағы да бір үлкен туындының тұсауын кеспек. Ол режиссер Егор Кончаловскийдің «Возвращение в «А» деп аталатын фильмі. Бұл фильмде де Берік басты рөлде ойнайды» — деген ойымен «Қазақфильмнің» басшысы Ермек Аманшаев бөлісті.

    «2011 жыл қазақ киносы үшін ерекше жыл екендігін баршаңыз білетін боларсыздар. Өйткені, еліміздің Тәуелсіздік алғалы бері кино саласы осындай жоғары деңгейге көтерілген емес. Міне, биыл біз ел назарына 10 фильмді ұсынбақпыз. Ең бастысы, бұл фильмдердің әр қайсысының жанры да әр түрлі. Балалар фильмі, комедия, мелодрама сынды жанрдағы фильмдер бар» — деп, жалғастырды өз сөзін Ермек Аманшаев.

    «Қазақфильм» киностудиясы президентінің мәлімдеуінше, қазақ кинематографиясының қайта өрлеу кезеңі мен «Қазақфильм» киностудиясының жаңарып, Орта Азия бойынша ірі кинорталықтың біріне айналуының сыры мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауда.

    «Бүгінгі күні студия замануи, соңғы үлгідегі техникамен жабдықталуда. Соның нәтижесінде, Сатыбалды Нарымбетов, Талғат Теменов, Дәрежан Өмірбаев, Рүстем Әбдрашов, Әмір Қарақұлов, Нәриман Төребаев сында кино майталмандарымен қатар, кинотеатрға баратын жастардан шыққан жаңа буын кинематографистерге де жол ашты.Олардың ішінен Фархат Шәріпов, Әділхан Ержанов, Жасұлан Пошанов, Қанағат Мұстафин және т.б. режиссерлердің атын атап өтуге болады.» — деп, қорытындылады журналистерге берген сұхбатын Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ Президенті Ермек Аманшаев.

    likvidator_1 likvidator_2 likvidator_3
    likvidator_4 likvidator_5 likvidator_6


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020