Белгілі режиссер Дәрежан Өмірбаев түсірген «Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері 34-ші Халықаралық Токио кинофестивалі шеңберінде өтеді. Аталған байқау үстіміздегі жылдың қазанның 30-ы мен қарашаның 8-і аралығында Жапонияда өтеді.
Бүгін, 28 қыркүйекте киностудия президенті Ақан Сатаев бастаған «Қазақфильм» делегациясы 2021 жылғыы 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтетін XIII Ташкент халықаралық «Жібек жолының інжу-маржаны» кинофестиваліне қатысу үшін Өзбекстан астанасына ат басын тіреді.
Кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барып қайтты. Үкімет басшысын киностудияның көркемдік жетекшісі, КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов және «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев қарсы алды.
Режиссер Жаңабек Жетіруов түсірген «Шыңырау» көркем фильмі Ресейде өтетін XXVII Халықаралық «Әдебиет және кино» атты кинофестивальдің негізгі байқауына қатысады. Гатчина қаласында қыркүйектің 24-і мен қазанның 2-сі аралығында өтетін фестиваль шеңберінде әдеби негізі бар, жазушылардың шығармалары желесімен түсірілген кинотуындылар ғана көрсетілетінін айта кеткен жөн.
Қазақстан мен Жапония бірлесіп түсірген «Уақыт жолдары» фильмі 2021 жылы 23 қыркүйекте отандық прокатқа шығады. Фильмнің режиссерлері – Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) және Лиза Такэба (Жапония).
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Ұлттық киноны қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен түсірген «Граната» (реж. Д.Мырзағалиев) және «Көше ақыны» (реж. С.Рақым) атты қысқаметражды фильмдер VI Халықаралық Baiqonyr International Short Film Festival кинофестивалінде бірнеше жүлделерге ие болды.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы Мұрат Ахметов өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Кездесу барысында екі жақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру жоспарларымен бөлісті.
Бүгін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев Қазақстанның жетекші университеттерінің бірі — AlmaU-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою аясында жаңа форматтағы Media & Film School мектебінде тегін білім алу үшін арнайы білім грантын табыстады.
Бүгін Алматыда Ұлттық кітапханада мемлекеттік қаржылық қолдаудан үмітті киножобалардың ашық қорғауы басталды.
Ш. Айманов «Қазақфильм» АҚ бүгін «Экспресс К» ақпараттық порталында жарияланған «Қазақфильмде» тінту жұмыстары жүргізіліп жатыр» деген ақпарат нақтыланбаған және шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды.