Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұжымы ел тұрақтылығы мен бейбітшілігі жолында құрбан болған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.