• 22.12.2021
    162

    Алматыда «Күнбағыс» фильмінің тұсаукесері өтті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Алматыда дүние жүзіндегі түрлі кинофестивальдерде 50-ге жуық жүлдемен марапатталған «Күнбағыс» («Подсолнух») фильмінің тұсаукесері өтті. Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Сталкер Синема» компаниясымен бірлесіп түсірген.

    «Күбағыс» — «орта жас» дағдарысына ұшыраған отбасы туралы драмаға толы хикая. Ішкі қайшылықтарымен әуре болған ата-анасының қарауысыз қалған жасөспірім бала үйде де, мектепте де «буллингтің» барлық сұмдықтарын бастан кешіп, шеттетілген адамға айналады. Пана іздеген Әмір құмар ойындарға тәуелділікке әкелетін компьютерлік ойындар әлеміне енеді...

    Мәдени іс-шара басрысында сөз сөйлеген фильмнің қоюшы режиссері Эля Гильман тұсаукесерге келген көрермендерге алғысын айта отырып, картинаның кинофестивальдердегі жетістіктерімен бөлісіп, кинотуындының  түсіру тобына жүлделерін  табыстады.

              Осылайша режиссер Istanbul Film Awards және Cannes Film Awards  кинофестивальдерінде марапатталған «Үздік актер» жұлдесін фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған актер Еркебұлан Дайыровқа табыстады. Сондай-ақ басқа да жүлделерді фильмнің жас актері Рашид Мусин, сценарий авторы Расул Шыбынтай, оператор Алексей Кирюхин, қоюшы суретші Оксана Азаматова, продюсерлер Гүлсина Мустафина мен Александр Гильман алды.

    Айта кетсек, жалпы алғанда осы күнге дейін «Күнбағыс» драмасы 27 халықаралық кинофестивальде түрлі номинациялар бойынша 47 сыйлықты қанжығасына байлады.

    Фильмде басты рөлдерді сомдаған ресейлік актер Кирилл Кяро және сербиялық актриса Слобода Мичалович аталған іс-шараға қатыса алмағандықтан, бейне жазба арқылы әріптестерін тұсаукесермен құттықтап, сәттілік тіледі.

    Көрсетілімнің алдында режиссер Эля Гильман бұл фильмді түсіруге достарының отбасында орын алған қайғылы жағдайдың түрткі болғанын айтты.

    - Достарымыз ұлдарынан айырылып қалды. Бұл оқиға маған үлкен әсер етіп, нәтижесінде осы фильм дүниеге келді. Бұл оқиға – менің барлық ата-аналарға жолдауым, мен сияқты өз балаларын тәрбиелеп отырған, бүкіл әлемдегі аналар мен әкелер мені түсінеді деп үміттенемін. Жасөспірім болу, ережелердің қысымына қарсы тұру қиын. Біз балаларымызға жақын болуға және оларды жақсы көру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, - деді режиссер Эля Гильман.

    Сондай-ақ режиссер «Күнбағыс» фильмі келер жылы сәуір айында прокатқа шығатынын хабарлады.

     

     Қазіргі таңда марапаттардың толық тізімі төмендегідей:

     

    «Үздік толықметрлі фильм» сыйлығы - New York Cinema Independent Awards, Toronto International Woman Film Festival, Crown Wood International Film Festival (Үндістан), Rome Movie Awards, Milan Gold Awards, KIFF (Kotka International Film Festival, Finland), МосфильмФест (Мәскеу, Ресей), SLATE International Film Festival (Гонконг, Қытай)

    «Үздік режиссер» сыйлығы - Venice Film Awards, Crown Wood International Film Festival (Үндістан), Paris International Film Festival, Tokyo International Monthly Film Festival, Milan Gold Awards, Hollywood Gold Awards

    «Үздік әйел-режиссер» - Cannes World Film Festival, Istanbul Film Awards, New York Cinema Independent Awards, Crown Wood International Film Festival (Үндістан)

    «Үздік шетелдік фильм» сыйлығы - Cannes World Film Festival, Istanbul Film Awards

    «Үздік драма» сыйлығы - Red Movie Awards (Франция), Istanbul Film Awards, Prague Film Awards

    «Орыс тіліндегі үздік фильм» сыйлығы - Near Nazareth Film Festival (Израиль)

    «Үздік актер» сыйлығы - Istanbul Film Awards (Еркебұлан Дайыров, Слобода Мичалович, Рашид Мусин), Milan Gold Awards (Слобода Мичалович), Hollywood Gold Awards (Слобода Мичалович)

    «Үздік жас актер» сыйлығы - Cannes World Film Festival (Рашид Мусин)

    «Азияның үздік актері» - Cannes Film Awards (Еркебұлан Дайыров)

    «Үздік оператор» сыйлығы - Istanbul Film Awards (Алексей Кирюхин)

    «Үздік сценарий» сыйлығы - Hollywood Gold Awards (Расул Шыбынтай)

    «Үздік қоюшы-суретші» сыйлығы - Paris International Film Awards, London International Monthly Film Festival, Hollywood Gold Awards (Оксана Азаматова)

    «Үздік продюсер» сыйлығыBeijing Film Festival (China), Hollywood Gold Awards (Гүлсина Мұстафина, Александр Гильман)

    «Үзідк композитор» сыйлығы - LA Independent Film Awards

    «Шеберлігі үшін» сыйлығы - WRPN Womens International Film Festival

    Қазылар алқасының арнайы жүлдесі - White Nights Film Festival (Санкт-Петербор)

    «Ерекше аталым» сыйлығы - Paris Film Festival, LA Independent Film Awards



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020