• 24.12.2021
    146

    «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев киногерлерге мемлекеттік марапаттарды табыстады

    Бүгін «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай белгілі киногерлерге жоғары мемлекеттік марапаттар мен төс белгілерді салтанатты түрде табыстады.

     

    - Құрметті әріптестер, баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, әрқайсыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілеймін, – деді, іс-шараның шымылдығын ашқан алғы сөзінде Ақан Сатаев.

     

    Ең алдымен киностудия президенті қазақ киносының тұңғыш дыбыс режиссері Қадыр Қосайға «Парасат» орденін табыс етті. Қазақ киносының майталманы Қадыр Нұрахметұлы «Қыз-Жібек», «Менің атым Қожа», «Қан мен тер», «Тризна», «Гонцы спешат», «Аңыз Шоқан» сынды т.б. ұлттық кинематографияның ең танымал фильмдерін жасауға ат салысты. Ол сонымен қатар анимациялық фильмдердің дыбыс инженері және деректі фильмдердің дыбыс инженері болып жұмыс істеді.

     

    - Бұл менің тоқсанның табалдырығын аттағаннан кейін алған алғашқы марапатым, өте қуаныштымын, - деді, Қадыр ақсақал.

     

    «Құрмет» орденімен танымал кинотанушы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті Гүлнар Әбікеева, сондай-ақ сценарист Тимур Жақсылықов марапатталды.

     

    «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы кинорежиссер Дәрежан Өмірбаевқа берілді. Сыйлықты табыстаған кезде киностудия президенті режиссерді «Ақын» фильмінің Берлин кинофестивалінің бағдарламасына енуімен құттықтап, сәттілік тіледі.

     

    Салтанатты рәсімге қатыса алмаған режиссерлер Эмир Байғазин мен Әділхан Ержанов еңбек жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

     

    Сондай-ақ, «Халық алғысы» медалін кинорежиссер Болат Қалымбетов, кинодраматург Бекболат Шекеров және режиссер-документалист Әсет Ерназаров иеленді.

       

    Сондай-ақ, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шара барысында «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері – Виссарион Тен, Аққайша Баймұратова және Людмила Соболева «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды.

     

    «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен Қазақстанның Халық артисі Досхан Жолжақсынов, продюсер Серік Жұбандықов, режиссер Ардақ Әмірқұлов, актер Байкал Бельбаев, режиссер Рүстем Әбдірашов, продюсерлер Нұрлан Қоянбаев пен Нұртас Адамбай және де киностудияның президенті Ақан Сатаев, вице-президент Айдархан Әділбаев марапатталды.

     

    Сонымен қатар, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының құрметіне киностудияның дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері: Еркін Буканов, Райгүл Жексенбаева, Абай Қабдулов, Баян Кеңес, Алексей Колесников, Виктор Кударов, Виктория Листопад, Күләш Молдабаева, Әсел Омарова, Назгүл Оразалиева, Мұрат Оразбаев, Светлана Пузырникова, Раушан Сапарбаева, Ғалия Сатыбалдина, Раиса Тен, Талғат Монбаев, Мақсат Мұстафин, Ольга Фоменко және Нұргүл Шубаева алғыс хаттармен марапатталды.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020