2011 жылғы 19-24 қыркүйек аралығында Алматы қаласында VII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. Фестиваль ҚР Мәдениет министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, ҚР Кинематографистер одағы және «Еуразия» ХКФ дирекциясының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.
5 шілде күні 2011 жылы Алматы қаласындағы «Меломан» дүкенінде режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» фильмінің DVD нұсқасы мен фильм жайында толық ақпарат жинақталған кітап ресми түрде таныстырылды. Аталған шараға Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұржұман Ықтымбаев пен қатар жас актерлер Нұрлан Әлімжан, Алмагүл Әлішева қатысты. Кездесу барысында актерлер журналистер қауымымен түсірілім алаңында орын алған қызықты оқиғалармен бөлісіп, қолтаңбаларын таратты.
Назар аударыңыз! Сайтта уақытша техникалық пысықтаулар бар. Егер сұрақтар туындаса: фильмдерді тарату бойынша- +7 702 000 1610 түсірілім техникасын жалға алу бойынша - +7 777 224 2432 павильондарды жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 костюмдер мен реквизиттерді жалға алу бойынша- +7 705 490 4757 кинотүсірілім автокөлігін жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315 "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі бойынша-+7 (727) 3021437 киностудия бойынша экскурсиялар өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315