Алматыда Әбіш Кекілбаевтың повесі бойынша түсірілген «Шыңырау» фильмінің тұсаукесері өтті. Кинотуындының қоюшы режиссері әрі сценарий авторы Жаңабек Жетіруов. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.
2022 жылы ақпан айының 10-ы мен 20-ы аралығында өтетін 72-ші халықаралық Берлин кинофестивалі «Форум» атты беделді бағдарламасына қатысатын бірнеше фильмдердің тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық туынды режиссер Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі де бар.
Венгриялық режиссер Тамаш Тоттың «Өліара» фильмінің соңғы түсірілімдері Алматы облысы Кербұлақ ауданы Балғалы станциясының маңында өтті. Тарихи кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдауымен
Мәскеу халықаралық«Ресей кинобизнесі» кино нарығы және форумының негізгі іскерлік бағдарламасының жұмыстарына қатысып жатқан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Айдар Баталов Орталық Азия елдерінің жобаларын таныстыру шеңберінде көпшілікке еліміздің басты кино алаңы – «Қазақфильмді» таныстырып, киностудияның қызметтері мен жаңа жобалары туралы егжей-тегжей баяндап берді.
Назар аударыңыз! Сайтта уақытша техникалық пысықтаулар бар. Егер сұрақтар туындаса: фильмдерді тарату бойынша- +7 702 000 1610 түсірілім техникасын жалға алу бойынша - +7 777 224 2432 павильондарды жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 костюмдер мен реквизиттерді жалға алу бойынша- +7 705 490 4757 кинотүсірілім автокөлігін жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315 "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі бойынша-+7 (727) 3021437 киностудия бойынша экскурсиялар өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315