Бүгін Алматыда жаңа форматтағы Медиа және кино мектебінің (Media & Film School) ашылуына орай баспасөз отырысы өтті. Білім ордасының құрылтайшылары – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU).
Ақан Сатаев түсірген «Томирис» тарихи фильмі канадалық және американдық көрермендерге арналған Amazon Prime халықаралық бейне платформадағы медиатеканың қорын көбейтті.
Бүгін, 17 сәуірде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағыныстағы мәдени ұйымдардың қызметкерлері арасында қаланы көгалдандыру акциясы өтті.
Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылдың 20-26 сәуірі аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің шымылдығын ашады.