Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бастаған делегация Алматы облысы Қапшағай қаласының маңында орналасқан «Ұлы Дала Таңы» фильмінің түсірілім алаңына барып қайтты.
ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі кинопродюсер Әлия Уәлжанова мен кинотанушы Гүлнар Әбікееваның «Профессия – продюсер #чашка_кофезамиллион» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітап продюсер шеберлігіне арналған Қазақстандағы алғашқы басылым, онда фильмдер мен сериалдарды шығару, оларды ілгерілетудің қазақстандық тәжірибесі көрініс тапқан.
Режиссер Эля Гильман түсірген «Күнбағыс» көркем фильмі Израильде 6-8 маусым аралығында өтетін Near Nazareth Festival Халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына қатысады. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Сталкер Синема» ЖШС-мен бірлесіп түсірген.
Бүгін, 3 маусым Әмен Қайдаровтың туған күнінде «Қазақфильм» киностудиясында маңызды оқиға орын алды. Қазақ мультипликациясының негізін қалаушының немересі Данияр Хасанов Ш.Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайына аты аңызға айналған атасының жеке құжаттары мен фотосуреттерін және де медаль мен ордендерін сыйға тартты. Іс-шараға әр жылдары киностудияда мэтрмен жұмыс істеген анимация ардагерлері қатысты.