26 шілдеде Ақан Сатаев бастаған «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері корпоративтік құқық және басқару саласындағы ең беделді сарапшылардың бірі, елеулі ғылыми зерттеулердің авторы, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің көптеген құқықтық актілерін әзірлеуші, з.ғ.д., профессор Фархад Қарағұсовпен кездесті.
Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» атты жаңа көркем фильмі тамыздың 31-і мен қыркүйектің 10-ы аралығында Лидо аралында өтетін 79-шы Халықаралық Венеция кинофестивалінің Orizzonti Extra («Жаңа көкжиектер») бағдарламасына қатысады. Бұл туралы Венеция биеннале көркемдік жетекшісі Альберто Барбера онлайн форматында өткен баспасөз отырысында хабарлады.
"Қазақфильм" киностудиясына кореялық Big ocean entertainment кинокомпаниясының өкілдері келді.
2022 жылы 19 шілде күні «Қазақфильмде» киностудияның ұйымдастырушылық құрылымының жобасы мен еңбекақы механизмін жетілдіру бойынша студияның қызметкерлері мен жұмыс берушілері өкілдерінен құралған комиссияның аралықтағы нәтижелермен таныстыру үшін ұжым жиналысы өтті.
Назар аударыңыз! Сайтта уақытша техникалық пысықтаулар бар. Егер сұрақтар туындаса: фильмдерді тарату бойынша- +7 702 000 1610 түсірілім техникасын жалға алу бойынша - +7 777 224 2432 павильондарды жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 костюмдер мен реквизиттерді жалға алу бойынша- +7 705 490 4757 кинотүсірілім автокөлігін жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315 "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі бойынша-+7 (727) 3021437 киностудия бойынша экскурсиялар өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315