• 26.07.2022
    54

    Әділхан Ержановтың жаңа фильмі Халықаралық Венеция кинофестиваліне қатысады

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы

    Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» атты жаңа көркем фильмі тамыздың 31-і мен қыркүйектің 10-ы аралығында Лидо аралында өтетін 79-шы Халықаралық Венеция кинофестивалінің Orizzonti Extra («Жаңа көкжиектер») бағдарламасына қатысады. Бұл туралы Венеция биеннале көркемдік жетекшісі Альберто Барбера онлайн форматында өткен баспасөз отырысында хабарлады. 

     

    Orizzonti Extra бағдарламасы кино әліміне жаңалық алып келген фильмдерді көрсетіп қана қоймай, әлемге жаңа режиссерлерді таныстырады. Бұл бағдарлама шеңберінде түрлі жанрда және әр түрлі форматта түсірілген фильмдердің ішінен үздік туындыны көрермендерден құралған қазылар алқасы анықтайды. Фестиваль ұйымдастырушылары биыл бұл байқау шеңберінде жеті фильм қатысатынын хабарлады.

     

    «Қазақфильм» киностудиясы қатысуымен қазақстандық Short brothers және Changepoint кинокомпаниялары және ресейлік All Media (a START Company) мен «Форест-Фильм» компаниялары бірлесе түсірген кинотуындының оқиғасы Қаратас ауылында өрбиді. Өзінің қаталдығы мен албырттығымен белгілі Бөлеген есімді жігіт ауыл тұрғындарын үрейде ұстайды, оларды баспана мен жұмыспен қамтамасыз етеді. Оған қарсы шыққан жандарды аяусыз жауапқа тартады. Қаратас ауылындағы қылмыс туралы полицияға жеткізбек болған Арзудың әйелі бүкіл отбасын қатерге тігеді...

     

    -         «Голиаф» фильмінде билік пен бағыну табиғаты зерттеледі. Кек алу идеясы (бір жағынан мүмкін болмаса да) және үлкен тұлғалар мен кішкентай адамдардың арасындағы қақтығыстар туралы сюжет бұрыннан бері ойда болатын. Екі жыл ішінде сценарийді бірнеше рет өзгерте отырып, осы мәселелерді көтеруге тырыстым. Фильмде арт пен жанр арасында өзіндік шегі бар, сондықтан бұны кейбіреулер түсінбеуі мүмкін, алайда жоғары бағалайтындар болады деген сенім бар, - деді фильмнің режиссері әрі сценарий авторы Әділхан Ержанов.

     

    Фильмнің түсіру жұмыстары былтыр жаз айында Алматы төңірегінде өтті. Басты рөлдерді қазақстандық белгілі актерлер: Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Альмира Тұрсын және Еркен Губашев сомдады. Сондай-ақ фильмге ресейлік актерлер Дмитрий Чеботарев және Александра Ревенко түсті.

     

    Айта кетсек, Әділхан Ержановтың «Сары мысық» атты фильмі 77-ші Венеция кинофестивалінің «Көкжиектер» бағдарламасына қатысқан болатын. Одан бөлек бұл кинотуынды көптеген фестивальдерге қатысып, «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Сценарийдің ерекшелігі үшін» жүлделерімен марапатталып, былтыр Қазақстанның атынан «Шетелдің үздік фильмі» номинациясы бойынша «Оскар» жүлдесіне ұсынылған болатын.

     

    Сондай-ақ Әділхан Ержановтың фильмдері Канн, Локарно, Роттердам, Брюг, Стокгольм, Пусан сынды беделді фестивальдерде көрсетіліп, көптеген жүлделерге ие болған. Ол 2019 жылы «Қап-қара адам» фильмі үшін Asia Pacific Screen Awards (Азиялық «Оскар» атанған) беделді жүлдеге жеткізген қазақстандық алғашқы режиссер. Халықаралық Канн кинофестивалі шеңберінде Ержановтың екі бірдей фильмі – «Ерекше көзқарас» бағдарламасында «Әлемнің ерке енжарлығы» («Ласковое безразличие мира») және «Үкілі Камшат» («Специальный показ»)кинотуындылары көрсетілген болатын.

     

    Сценарий авторы және қоюшы режиссеріӘділхан Ержанов
    Қоюшы операторАйдар Шарипов
    Қоюшы суретшіЕрмек Өтегенов
    Композитор
    ыҒалымжан Молданазар

    Дыбыс режиссеріИлья Гариев
    Линей
    лік продюсер: Мария Иситова
    Бас продюсерлерAll Media Company (a START Company) Георгий Шабанов, CHANGEPOINT Александр Кочнев, Нұрасыл Жарбасов, Ғибрат Сәрсенов, Short Brothers Ольга Хлащева,Серік Әбішев, Forest Film Наталья Дрозд, «Казахфильм» киностудиясы мен CINERENTAL компаниясының қатысуымен
    Басты рөлдерде Берік Айтжанов, Данияр Алшынов, Дмитрий Чеботарёв, Александра Ревенко, Рәбия Әбіш, Еркен Губашев, Альмира Тұрсын.



Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020