• 27.07.2022
    55

    "Қазақфильм" ұжымы профессор Фархад Қарағұсовпен кездесті

    Барлық фотосуреттерді көру
    Жаңалықтар фотогалереясы
    26 шілдеде Ақан Сатаев бастаған «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері корпоративтік құқық және басқару саласындағы ең беделді сарапшылардың бірі, елеулі ғылыми зерттеулердің авторы, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің көптеген құқықтық актілерін әзірлеуші, з.ғ.д., профессор Фархад Қарағұсовпен кездесті.

    Ақан Сатаев киностудияда жүргізіліп жатқан реформалар, даму жоспары мен іске асырылып жатқан жобалар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, «Қазақфильм» киностудиясының ұйымдастыру құрылымының жобасын әзірлеу бойынша жұмысшылар мен жұмыс берушілер комиссиясы қазіргі кезде өзекті болып отырған проблемаларды қозғады.

    Өз кезегінде Фархад Қарағұсов өзінің жетекші компаниялардың басқару мекемелеріндегі жұмысы, Қазақстанда және шет елдерде ұйымдық құрылымдар мен басқару тетіктерін құру тәжірибесімен бөлісті. Ол Орталық Азия мен Еуропа елдеріне ерекше назар аударып,  акционерлік қоғам органдарының өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстар беріп, топ-менеджменттің, атқарушы мекеменінде, сондай-ақ ұйымның басқарушылық құзыреттерінің деңгейін тұрақты арттыру қажеттігін атап өтті. Белгілі сарапшы корпоративтік құрылым мен басқаруды қалыптастыру кезінде қандай принциптер мен алгоритмдерді ұстану керектігін де тілге тиек етті. Сонымен қатар, киностудияның креативті индустрия мен квазимемлекеттік сектордың субъектісі ретіндегі ерекшелігін ескеру қажет екенін атап өтті.

    Кездесу барысында қатысушылар Қазақстандағы киноиндустрия проблемаларын, мемлекеттің кинематография саласындағы рөлін, корпоративтік басқаруды дамытудың негізгі трендтері мен негізгі бизнес-процестерді, студия қызметкерлері үшін әлеуметтік векторды күшейту қажеттілігін, еңбек функцияларын орындау және кинокомпанияның этикалық ережелерін сақтау жауапкершілігін арттыру шартын талқылады.  

    Кездесу қорытындысы бойынша Ақан Сатаев пен Фархад Қарағұсов «Қазақфильм» киностудиясының корпоративтік басқаруды дамыту, жарғы әзірлеу, қажетті ішкі актілерді қалыптастырып корпоративтік құқықтың басқа да мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы уағдаласты.


Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020