Кеше, 9 ақпанда «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ кәсіподағының ұйымдастыруымен ұжым жиналысы өтті. Бұл басқосуда киностудияның бүгінгі тыныс-тіршілігі мен даму перспективалары, жұмысшылардың жалақы деңгейі және басқа да мәселелер талқыланды. Кездесу барысында киностудияның қызметкерлері ойларымен бөлісіп, кейбір сұрақтар бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
Режиссер Ақан Сатаев әлеуметтік желіде көптен күткен тарихи фильмдердің бірі «Ұлы дала таңы» кинотуындының басты кейіпкерлерімен постерлерді жариялады. Аталған картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына барып қайтты.
Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Назар аударыңыз! Сайтта уақытша техникалық пысықтаулар бар. Егер сұрақтар туындаса: фильмдерді тарату бойынша- +7 702 000 1610 түсірілім техникасын жалға алу бойынша - +7 777 224 2432 павильондарды жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 костюмдер мен реквизиттерді жалға алу бойынша- +7 705 490 4757 кинотүсірілім автокөлігін жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315 "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі бойынша-+7 (727) 3021437 киностудия бойынша экскурсиялар өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315