Ш.Айманов атындағы АҚ «Қазақфильм» киностудиясында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген ашаршылық туралы «Олиара» атты толықметражды көркем фильмнің монтаждау-әрлеу кезеңі басталды.
Қазақстандық режиссер Самғар Рақымның «Көше ақыны» фильмі Оңтүстік Кореядағы халықаралық кинофестивальге қатысады. 18-ші Халықаралық музыка және кино фестивалі 11-16 тамыз аралығында Чехчон қаласында (Оңтүстік Корея) өтеді.
Бүгін «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм АҚ» киностудиясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, директорлар кеңесінің төрағасы Нұрқиса Дәуешов «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің ұжымымен кездесті.
"Қазақфильм" киностудиясында мәдениет вице-министрінің қатысуымен директорлар кеңесінің отырысы өтті.
"Қазақфильм" киностудиясы аумағында "Районы" фильмінің шығармашылық тобымен кездесу өтті. Іс-шараға фильмнің режиссері Ақан Сатаев, картинаның басты кейіпкерлерінің бірі Сануржан Сүлейменов пен кино және медиа мектебінің студенттері (AlmaU) қатысты.
Бішкекте 5-6 тамыз күндері қазақ киносының күндері өтеді. «Ала-Тоо» кинотеатрында Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» және Айжан Қасымбектің «От» фильмдері ұсынылады. Шара Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт, жастар саясаты министрлігімен қатар кинематография департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.
26 шілдеде Ақан Сатаев бастаған «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері корпоративтік құқық және басқару саласындағы ең беделді сарапшылардың бірі, елеулі ғылыми зерттеулердің авторы, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің көптеген құқықтық актілерін әзірлеуші, з.ғ.д., профессор Фархад Қарағұсовпен кездесті.
Әділхан Ержановтың нуар жанрында түсірілген «Голиаф» атты жаңа көркем фильмі тамыздың 31-і мен қыркүйектің 10-ы аралығында Лидо аралында өтетін 79-шы Халықаралық Венеция кинофестивалінің Orizzonti Extra («Жаңа көкжиектер») бағдарламасына қатысады. Бұл туралы Венеция биеннале көркемдік жетекшісі Альберто Барбера онлайн форматында өткен баспасөз отырысында хабарлады.
"Қазақфильм" киностудиясына кореялық Big ocean entertainment кинокомпаниясының өкілдері келді.
2022 жылы 19 шілде күні «Қазақфильмде» киностудияның ұйымдастырушылық құрылымының жобасы мен еңбекақы механизмін жетілдіру бойынша студияның қызметкерлері мен жұмыс берушілері өкілдерінен құралған комиссияның аралықтағы нәтижелермен таныстыру үшін ұжым жиналысы өтті.
Назар аударыңыз! Сайтта уақытша техникалық пысықтаулар бар. Егер сұрақтар туындаса: фильмдерді тарату бойынша- +7 702 000 1610 түсірілім техникасын жалға алу бойынша - +7 777 224 2432 павильондарды жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 костюмдер мен реквизиттерді жалға алу бойынша- +7 705 490 4757 кинотүсірілім автокөлігін жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315 "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі бойынша-+7 (727) 3021437 киностудия бойынша экскурсиялар өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315