19 қарашада Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында осымен 13-ші рет өткізілген «Жыл таңдауы- Жыл адамы» ұлттық жобасының бас жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Қарашаның 14-і мен 19-ы аралығында Польшада «БАРС» Қазақстан жастар қоғамының ұйымдастыруымен «Польшадағы Қазақстанның мәдени күндері» жобасы аясында «Қазақ киносының күндері» өтеді.
«Дала гүлдері: қазақ киносының фестивалі» (Flowers of the steppe: Festival of kazakh cinema) АҚШ-тың Бостон және Вашингтон қалаларында қарашаның 14-і мен 18-і аралығында өтеді. Американдық көрермендерге қазақ киносымен танысуға мүмкіндік беретін фестивальдің басты мақсаты - кино өнері арқылы екі елдің мәдениетін нығайту.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ еліміздің алдыңғы қатардағы жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильмінің көрсетілімін ұйымдастыруда. Жуырда аталмыш фильмді Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Қазақ ұлттық университетінің студенттері тамашалады.