• 28/12/2010

    «Құлагер-2010» Ұлттық кинематография сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті

    «Құлагер-2010» Ұлттық кинематография сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі өтті

    «Құлагер» Ұлттық кинематография сыйлығының құрылтайшылары Қазақстанның кинематографистер Одағы және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ болып табылады. Сый ақыны тағайындаудың басты мақсаты — Қазақстан Республикасының ұлттық кинметография саласының сапалы әрі серпінді дамуын қадағалау.

  • 23/12/2010

    Шәкен Айманов фильмдерін енді DVD көре аласыздар!

    Шәкен Айманов фильмдерін енді DVD көре аласыздар!

    2011 жылдың 10 қаңтарынан бастап режиссер Шәкен Аймановтың фильмдер жинағынан құралған DVD-дискілері сатылымға түседі. Жинаққа ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан, көпшіліктің сүйікті фильмдеріне айналған қазақтың ұлы режиссері Шәкен Аймановтың «Алдар-Көсе», «Тақиялы періште», «Ән шақырады», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен» туындылары кіреді.  

  • 22/12/2010

    «Мың бала» фильміне жарияланған кастинг аяқталуға жақын қалды

     «Мың бала» фильміне жарияланған кастинг аяқталуға жақын қалды

    Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ соңғы онжылдықта қолға алынған ең ірі жобасы, «Мың бала» атты тарихи фильмге жарияланған кастиг өз мәресіне жетті. Бүкіл Қазақстан бойынша кастингке 10 мыңнан астам адам қатысып, түсірілім алаңында өз өнерлерін ортаға салды. Қорытындысында, негізгі алты Сартай, Берік, Сәбит, Азат, Қорлан, және Айсәуле кейіпкерлерінің рөлдеріне актерлер іріктелініп алынды.

  • 14/12/2010

    «Атаманның ақыры» фильміне 40 жыл!

    «Атаманның ақыры» фильміне 40 жыл!

    Шытырман оқиғалы фильм Қазақстанда 1920 жылы орын алған шынайы тарихи оқиғалардың негізінде түсірілді. Жаркенттік ТК ақ гвардияшы атаман Дутовтың бандасын жою туралы операция  дайындайды. Оны орындау чекист Шадияровқа жүктелді. Ол атаманның штабына еніп, әбден оның сеніміне кіріп алып, өз өмірін қатерге тіге жүре берілген тапсырманы орындап шығады.

1 2 3 4 5 6

Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
көшесі 176

                       


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
1956-2015