Еліміздің кәсіби кинематографистерінің басын біріктіретін қоғамдық ұйым - 1963 жылы құрылған болатын.
1958 жылы Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесінің Қаулысы бойынша (№ 458, 9 маусым 1958 жыл) кинематография қызметкерлері одағының ұйымдастыру бюросы құрылған болатын. 1958-1963 жылдар аралығында аталған ұйым шығармашылық зиялы қауымды кино өндірісіне жұмылдыру, сонымен қатар, советтік және қазақ киносының жетістіктерін насихаттау сияқты қоғамдық-саяси жұмыстарды атқарды. Оның құрамына 9 адам кірді, олар: Айманов Ш.К. (төраға), Семенов Р.А. (төраға орынбасары), Савин И.М. (орынбасар) Бегалин М.С., Сатыбалдин К., Смирнов Я.К., Брусиловский Е.Г., Аранышев М.Ф., Федулин А.С.
Қазақстан кинематографистер одағының бірінші құрылтайшылар съезді 1963 жылы 8-9 қаңтарда өтті. Одақтың құрамында 87 киногер болды. Съезд Басқару комитетіне 17 адамды сайлады. Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметіне Айманов Шәкен Кенжетайұлы тағайындалды.
Қазақстан кинематографистер одағының екінші съезді 1969 жылы қаңтардың 23-25 өтті. Одақтың құрамында 101 киногер болды. Съезд жаңа Басқару комитетіне 19 адамды қабылдады. Бірінші хатшы қызметіне Шәкен Айманов қайта тағайындалды.
Шәкен Аймановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты (23.12.1970), 1971 жылы 13 сәуірде Қазақстан кинематографистер одағының төртінші пленумының шешімі бойынша Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметіне Әшімов Әкім Уртаевич (Әкім Тарази) тағайындалды.
Қазақстан кинематографистер одағының үшінші съезді 1976 жылы сәуірдің 6-7 өтті. Одақтың құрамында 133 киногер болды. Съезд жаңа Басқару комитетіне 27 адамды сайлады. Бірінші хатшы қызметіне Әшімов Әкім Уртаевич (Әкім Тарази) сайланды. Кейін Ә.У. Әшімовтың басқа шығармашылық қызметке ауысқандықтан Қазақстан кинематографистер одағы Пленумының шешімі бойынша (12 маусым 1980 жыл) Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметіне Сүлейменов Олжан Омарұлы сайланды.
Қазақстан кинематографистер одағының төртінші съезді 1981 жылы сәуірдің 7-8 күндері өтті. Одақ құрамында 190 киногер болды. Съезд жаңа Басқару ұйымына 17 адамды қабылдады. Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметіне Ғабитов Болат Ілиясұлы сайланды.
Б.І.Ғабитовтың басқа қызметке –Қазақ ССР-і Мемлекеттік кино ұйымына ауысуына байланысты Кинематографистер Одағы Пленумы 1984 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметіне Мұхамеджанов Қалтай Мұхамеджанұлын сайлады.
Қазақстан кинематографистер одағының бесінші съезді 1986 жылы наурыздың 20-21 өтті. Ол кезде Одақ құрамында 230 киногер болды. Съезд жаңа Басқару топтың құрамына 35 адамды сайлады. Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметіне Мұхамеджанов Қалтай Мұхамеджанұлы қайта сайланды.
Қазақстан кинематографистер одағының кезектен тыс алтыншы съезді 1989 жылы сәуірдің 14-15 күндері аралығында өтті. Одақтың құрамында 249 киногер болды. Съезд жаңа Басқару топтың құрамына 39 адамды қабылдады. Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметіне Нұғыманов Рәшид Мұсаұлы сайланды.
Р.М.Нұғымановтың шығармашылық демалысқа шығуына байланысты 1989 жылдың 28 қарашасынан бастап Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысының міндетін атқарушы қызметіне Рымжанов Ораз Мақатұлы сайланды.
Қазақстан кинематографистер одағының жетінші съезді 1992 жылы 17 желтоқсанда өтті. Ол жылдары Одақтың құрамында 298 киногер болды. Съезд жаңа Басқарма құрамына 31 адамды қабылдады. Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысы қызметіне Рымжанов Ораз Мақатұлы сайланды.
Қазақстан кинематографистер одағының сегізінші съезді 1997 жылы 23 каңтарда өтті. Одақтың құрамында 302 киногер болды. Съезд жаңа Басқарма құрамына 23 адамды сайлады. Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы қызметіне Рымжанов Ораз Мақатұлы сайланды.
Қазақстан кинематографистер одағының кезектен тыс тоғызыншы съезді 1999 жылы мамырдың 14-21 күндері аралығында өтті. Одақтың құрамында 324 киногер болды. Съезд жаңа Басқарма құрамына 31 адамды қабылдады. Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы болып Смағұлов Максим Жұмақанұлы сайланды.
Қазақстан кинематографистер одағының оныншы съезді 2003 жылы 28 наурызда өтті. Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы болып Қарақұлов Әмір Болатұлы сайланды. Сол жылы қазан айында Қарақұлов Ә.Б. өз еркімен қызметтен бас тартты. Одақ төрағасының міндетін атқарушы қызметіне Асанәлі Әшімов тағайындалды.
Қазақстан кинематографистер одағының кезектен тыс он бірінші съезді 2005 жылы 28 ақпанда өтті. Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы болып Вовнянко Игорь Александрович сайланды.
Қазақстан кинематографистер одағының он екінші съезді 2008 жылы 24 наурызда өтті. Бұл тұста Одақтың құрамында 333 киногер болды. Съезд жаңа Басқарма құрамына 21 адамды қабылдады. Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы болып Вовнянко Игорь Александрович қайта сайланды.
Қазақстан кинематографистер одағының он үшінші съезді 2015 жылы 26 сәуірде өтті.
Қазақстан кинематографистер одағының он төртінші съезді 2016 жылы 23 қаңтарда өтті. Қазақстан кинематографистер одағының тең төрағалары болып Сламбек Тәуекел және Ахат Ыбыраев сайланды.
Назар аударыңыз! Сайтта уақытша техникалық пысықтаулар бар. Егер сұрақтар туындаса: фильмдерді тарату бойынша- +7 702 000 1610 түсірілім техникасын жалға алу бойынша - +7 777 224 2432 павильондарды жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 костюмдер мен реквизиттерді жалға алу бойынша- +7 705 490 4757 кинотүсірілім автокөлігін жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315 "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі бойынша-+7 (727) 3021437 киностудия бойынша экскурсиялар өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315