Шәкен Кенжетаевич Айманов

1914–1970

Қазақ актері, режиссер, КСРО халық әртісі, Сталин сыйлығының және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1914 жылы 15 ақпандаБаянауылда (қазіргі Павлодар ауданы) дүниеге келген.


1931-1933 жылдары Семейдегі Қазақ білім беру институтында оқыған. 1933 жылдан бастап Қазақ драма театрында (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ драма театры) жұмыс істеген. Онда жүзден аса рөлдерді сомдаған. Солардың қатарында Петруччио («Асауға тұсау»), Хлестаковты («Ревизор»), Қодарды («Қозы Көрпеш – Баян Сұлу») және басқа да көптеген образдарды жасаған. Аталмыш театрда бірнеше спектакльдердің қойылымдары жүзеге асты, солардың қатарында – А.Островскийдің «Таланттар мен табынушылар», Ғ.Мүсіреповтің «Ақынның қасіреті» және тағы басқа. Аймановтың әр сахналық жұмысы мәдениет әлеміндегі айшықты оқиғаға айналып отырды. Айманов ойнаған спектакльдердің бәрі аншлагпен өтіп отырды.

1940 жылы «Ленфильм» режиссері М.Левин Аймановты «Райхан» фильміндегі Сәрсеннің рөлін сомдауға шақырады. Бұл М.Әуезовтің сценарийі бойынша қойылған фильм болатын. «Ақ гүл» (ЦОКС, 1942) атты фильмінде Айманов майдангердің рөлін, «Абай өлеңдері» (1946) фильмінде оқушы Абай Шәріптің, және «Алтын мүйіз» (1948) фильміндегі Досановтың рөлін сомдайды.



«Ангел в тюбетейке», реж. Ш.Айманов, 1968
р/м фильма «Мы здесь живём», реж. Ш.Айманов, М. Володарский, 1956
р/м фильма «Перекрёсток», реж. Ш.Айманов, 1963
р/м фильма «Алдар-Косе», реж. Ш.Айманов, 1964
«У подножья Найза тас»
«У подножья Найза тас»
«У подножья Найза тас»
«Ангел в тюбетейке», реж. Ш.Айманов, 1968

1953 жылы экранға «Жамбыл» фильмі шығады. Фильмде 38 жастағы актер қос бірдей рөлді: бозбала мен қазақ халық поэзиясының алып тұлғасы Жамбылдың рөлін сомдауына тура келеді. Бұл кинематографиядағы алғашқы ауқымды рөлі оған атақ даңқ әкелуімен қоса «ұлттық мінез» эталонына айналуына септігі тиеді. Бұл рөл оған кино өндірудің ерекшеліктерімен танысуға, киноэкранның мүмкіндіктеріне толық баға беруге және оның алдағы уақыттағы шығармашылық тағдырын анықтауға мүмкіндік берді. Аймановтың кәсіби табандылығы кино әлеміндегілерді таң қалдырды. Оның актерлік және режиссерлік жарқын жұмыстары бәрін де мойындатты.



1954 жылы экранға өзінің «Махаббат туралы поэма» атты режиссерлік дебюты шығады.

Онжылдық кино бағытындағы жұмысында ұлттық кинематографияның алтын қорына енген оннан аса көркем фильм түсірді. 1953-1970 жылдар аралығында Шәкен Айманов ұлттық киностудияның тұрақты көркем жетекшісі болып, сценарист, актер және режиссер ретінде жұмыс істеп, өзі ашқан Қазақстан кинематографистер одағының басшысы болды.



Аймановтың фильмдері жаңашылдығымен ерекшеленді. Фильмдерінің жартысы соғыстан кейінгі кезеңді қамтыған. Оның қойылымдары халықаралық ынтымақ, халық арасындағы достық тақырыбын анық та жарқын бейнелеген. Ол түсірілім барысында актердің өз образын толық аша алуына барын салатын. Шытырман жанрдағы «Атаманның ақыры» өз заманында тарихи революциялық болып саналған фильмі оның соңғы жұмысы болды. Мұхтар Әуезовтің «Абай» қазақ классикалық әдебиетінің үздік романы негізінде түсірілетін фильм – Аймановтың келесі жұмысы болуы керек-тін.



1940 жылдан бастап КОКП құрылды. Қазақ Жоғарғы Советінің ССР 4-ші және 7-ші жиналысында депутат болып сайланды. 1947 жылы Шәкен Аймановқа Қазақ ССР Халық артисі атағы, 1959 жылы КСРО Халық артисі атағын иеленді, 1952 жылы «Абай» спектаклінің қойылымына КСРО Мемлекеттік сыйлығы табысталды, екі мәрте Мемлекеттік Қазақ ССР сыйлығы берілді, Ленин ордені және басқа да орден медальдермен марапатталды. 2007 жылы «Экран шебері» атағы берілді.

Шәкен Аймановтың аты Алматыда орналасқан «Қазақфильм» киностудиясына берілген. Шәкен Айманов тұрған үйде мемориалдық тақтайшасы бар. Киностудияда Аймановқа арналған музей ашылып, ескерткіш бюст орнатылған. Павлодар қаласында Шәкен Айманов атындағы кинотеатр ашылған.


Айманов – режиссёр:

Айманов – актёр:

Айманов – сценарист:

Айманов – художественный руководитель:

Призы и награды:

  • 1952 Сталинская премия (за театральную работу); 
  • 1958 Всесоюзный кинофестиваль (Третья премия, фильм «Мы здесь живем»); 
  • 1958  Международный кинофестиваль стран Азии и Африки в Ташкенте (Памятный диплом участия, фильм «Наш милый доктор»); 
  • 1959 Всесоюзный кинофестиваль (Поощрительный диплом, фильм «Наш милый доктор»); 
  • 1963 Смотр-конкурс кинематографистов республик Средней Азии и Казахстана (За лучшую режиссерскую работу, фильм «Перекресток»); 
  • 1967 Государственная премия Казахской ССР имени Байсеитовой (За художественное руководство, фильм «Крылья песни»); 
  • 1969 Смотр-конкурс кинематографистов республик Средней Азии и Казахстана (Диплом, фильм «Ангел в тюбетейке»); 
  • 1972 Государственная премия Казахской ССР имени Байсеитовой (фильм «Конец атамана», посмертно); 
  • Орден Ленина; 
  • Орден Трудового Красного Знамени; 
  • Два ордена «Знак Почёта».

Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2020

Назар аударыңыз! Сайтта уақытша техникалық пысықтаулар бар. Егер сұрақтар туындаса: фильмдерді тарату бойынша- +7 702 000 1610 түсірілім техникасын жалға алу бойынша - +7 777 224 2432 павильондарды жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 костюмдер мен реквизиттерді жалға алу бойынша- +7 705 490 4757 кинотүсірілім автокөлігін жалға алу бойынша- +7 778 998 0315 іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315 "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі бойынша-+7 (727) 3021437 киностудия бойынша экскурсиялар өткізу мәселелері бойынша- +7 778 998 0315


Deprecated: Return type of Bitrix\Main\Diag\SqlTracker::current() should either be compatible with Iterator::current(): mixed, or the #[\ReturnTypeWillChange] attribute should be used to temporarily suppress the notice in /var/www/kazakhf/data/www/kazakhfilmstudios.kz/bitrix/modules/main/lib/diag/sqltracker.php on line 288

Deprecated: Return type of Bitrix\Main\Diag\SqlTracker::next() should either be compatible with Iterator::next(): void, or the #[\ReturnTypeWillChange] attribute should be used to temporarily suppress the notice in /var/www/kazakhf/data/www/kazakhfilmstudios.kz/bitrix/modules/main/lib/diag/sqltracker.php on line 308

Deprecated: Return type of Bitrix\Main\Diag\SqlTracker::key() should either be compatible with Iterator::key(): mixed, or the #[\ReturnTypeWillChange] attribute should be used to temporarily suppress the notice in /var/www/kazakhf/data/www/kazakhfilmstudios.kz/bitrix/modules/main/lib/diag/sqltracker.php on line 298

Deprecated: Return type of Bitrix\Main\Diag\SqlTracker::valid() should either be compatible with Iterator::valid(): bool, or the #[\ReturnTypeWillChange] attribute should be used to temporarily suppress the notice in /var/www/kazakhf/data/www/kazakhfilmstudios.kz/bitrix/modules/main/lib/diag/sqltracker.php on line 318

Deprecated: Return type of Bitrix\Main\Diag\SqlTracker::rewind() should either be compatible with Iterator::rewind(): void, or the #[\ReturnTypeWillChange] attribute should be used to temporarily suppress the notice in /var/www/kazakhf/data/www/kazakhfilmstudios.kz/bitrix/modules/main/lib/diag/sqltracker.php on line 278