Қазақстан мен Түркия «Қазақфильм» киностудиясы Sataifilm компаниясымен бірлесіп түсірген режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінің негізінде бірлескен тарихи сериал түсірмекші. Жобаны Түркияның жетекші телеарнасы TRT телерадиокорпорациясы жүзеге асырмақ.
Кеше Ыстанбұл қаласында өткен Korkut Ata Turkic World Film Festival кинофестивалінің салтанаттында Ш.Айманов «Қазақфильм» киностудиясы «Түркі елдері кинематографиясына қосқан үлесі үшін» арнайы жүлдемен марапатталды. Бұл награданы киностудияның президенті Ақан Сатаевқа табыстады.
Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі Қазақстанның атынан «Оскар» жүлдесінің «Шетелдің үздік фильм» номинациясына ұсынылды. Кинотуындыны Short Brothers (Қазақстан), Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Arizona Productions (Франция) қомпанияларының қатысуымен Zerde Films (Қазақстан) компаниясы түсірді.
Қысқаметражды «Мерген» фильмі Түркияда өткен International Cinema Community фестивалінде екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. Қазақстандық кинотуынды «Үздік режиссер» (Райымбек Әлжанов) және «Үздік оператор» (Сардар Баймолдин) номинацияларында үздік деп танылды.