Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі 11-16 қазан аралығында Сиан қаласында өткен 7-ші «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалінде «Мазмұнның бірегейлігі үшін» арнайы жүлдесін жеңіп алды.
Бүгін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында орналасқан «Жұлдыздар аллеясында» 2015 жылы өмірден озған белгілі продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тәңірберген Хажиевке естелік жұлдыз орнатылды.
Режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі қыркүйектің 2-сі мен 13-і аралығында Парижде өткен франциялық L'Étrange Festival кинофестивальінің Гран-приін жеңіп алды.
Жақында «Қазақфильм» президенті Ақан Сатаев «ORDA» тобының солисі, клипмейкер және «Ninety One» тобының продюсері Ерболат Беделханмен кездесті.