Белгілі кинорежиссер Болат Қалымбетов түсірген «Талан» фильмі 14-ші Шәкен Айманов кинофестивалінде «Үздік режиссер» жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ тарихи туынды «Ел Арна» телеарнасының жүлдесі – «Ел Арна таңдауы» дипломына ие болды.
Португалияның Лиссабон қаласында қарашаның 19-ы мен 25-і аралығында өтіп жатқан 12-ші Халықаралық Lisbon & Sintra Film Festival кинофестивалінде Дәрежан Өмірбаев фильмдерінің ретроспективасы өтуде.
Алматыда 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі шеңберінде Қазақстан кинематографистер одағының ұлттық «Құлагер» жүлдесінің салтанатты табыстау рәсімі өтті. Жүлденің басым бөлігі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жарыққа..
Режиссер Берік Жахановтың қысқаметрлі «Асан» фильмі 9-шы Халықаралық Start film festival кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін иемденді. Фестиваль қарашаның 14 мен 17 аралығында өткен.