• 16/02/2017

    «Алмас қылыш» фильмі қазақстандық прокатта көшбасшылар қатарынан көрінді

    «Алмас қылыш» фильмі қазақстандық прокатта  көшбасшылар қатарынан көрінді

    2017 жылы қаңтардың 5-нен үлкен экрандарға жол тартқан Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ Елі» киносериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» көркем фильмінің бүгінгі күннің есебі бойынша жинаған сомасы 72 млн 172 мың теңгені құрап отыр. Алғашқы екі апта ішінде 2,5 мыңнан астам сеанс, оның 60% қазақ тілінде, ал 40% орыс тілінде көрсетілді. Фильмнің кинотеатрлардағы көрсетілімі әлі де жалғасуда.

  • 15/02/2017

    «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері Шәкен Аймановтың ескерткішіне туған күніне орай гүл шоғын қойды

    «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлері  Шәкен Аймановтың ескерткішіне туған күніне орай гүл шоғын қойды

    15 ақпан күні КСРО халық артисі, КСРО және Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, КСРО кинематографистеродағының мүшесі, көрнекті театр және кино актері, белгілі кинорежиссер, ұлттық дүниетанымды  экрандық өнерде алғаш бейнелеген  ұлы суреткер – Шәкен Кенжетайұлы Айманов 103 жасқа келіп отыр.Осыған орай Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ басшылығы, режиссер Сатыбалды Нарымбетов, Нұрлан Санжар, Ерболат Тоғызақов, Қазақстан кинематографистер одағының тең төрағасы Ахат Ибраев және «Қазақфильмнің» қызметкерлері қазақ киносының майталманы ескерткішіне гүл шоғын қойды.

  • 13/02/2017

    2017 жылғы 17-19 ақпан күндері Астанада Ресей киносы күндері өтеді.

    2017 жылғы 17-19 ақпан күндері Астанада Ресей киносы күндері өтеді.

    Ресей киносы күндері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы келісім, сонымен қатар 2016 жылғы 5 қыркүйекте Мәскеуде қол қойылған 2017-2019 жж. арналған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және РФ Мәдениет министрлігі арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы аясында өткізіледі.

  • 07/02/2017

    Асанәлі Әшімов «Қазақфильм» киностудиясы жобасында басты рөлді сомдайды

    Асанәлі Әшімов «Қазақфильм» киностудиясы жобасында басты рөлді сомдайды

    Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» (шартты атауы) атты  жаңа толықметражды көркем фильмінің өндірісі басталды. Фильмнің режиссері − «Сіз кімсіз, Ка мырза?» (2010 ж.) фильмімен танымал Қуат Ахметов. Фильмде басты рөлді биыл мамыр айында 80 жасқа келетін КСРО және Қазақстан Халық артисі Асанәлі Әшімов сомдайды.

1 ... 24 25 26 27 28

Ваше имя*
Ваш E-mail*
Сообщение*
Защита от автоматических сообщений
CAPTCHA
Введите слово на картинке*

 

Шәкен Айманов атындағы
«Қазақфильм» АҚ
Алматы қаласы, Әл-Фараби
даңғылы, 176
302-16-77(факс)
kense@kazakhfilmstudios.kz


Барлық құқықтары қорғалған
«Қазақфильм» АҚ
2009-2019